№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шаттығы шалқыған шаңырақ

Шаттығы шалқыған шаңырақ


Қандөздік Төлеубековтер отбасы береке-бірлігімен, еңбекқорлығы мен ізеттілігімен белгілі, шаттығы шалқыған шаңырақ. Осы әулеттің белді өкілі ерлі-зайыпты Еркебұлан мен Ақтолқын ұстаздық жолда қызмет етіп келеді.


Отағасы ағылшын тілінен сабақ берсе, отанасы – психолог. Екеуі де А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білімін шындайды.
Бүгінде орта білім беру жүйесі жаңартылған білім жүйесіне көшті. Бұл білім беру үрдісінде ой еркіндігін, белсендігін қалыптастырады. Өзідігінен білім алуына мүмкіндік туғызады. Бұл тұрғыда алғанда қос ұстаздың жеткен жетістігі аз емес. Қолы қалт етсе кітап оқып, ой-танымын арттырғанды жөн деп санайтын мұғалімдер отбасы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген өсиетін ұстаным еткен. Қызығынан қиындығы мол қызметте жүрген бұл отбасының арманы тек жұмыста ғана емес, жалпы өмірде де өнегелі отбасыға айналу. Бұл кез келген жанның бәрінен биік қоятын арман-тілегі.
– Бала кезден арман еткен мамандық. Адам табиғатына жақын саланы таңдайды ғой. Бүгінгі оқушылар рухты. Ойын ашық жеткізеді. Олармен жиі пікірлесіп, өмірлік мұраттарын біліп, жігерлендіріп тұрамын. Осындай сәттерде өзімді бақытты санап, мамандығымды мақтан етемін, – деді отанасы.
Жалпы білім беру саласында Еркебұлан мен Ақтолқын сынды қаншама жастар қызметтің жүгін көтеріп, елдік мүдде жолында еңбек етіп келеді. Білім беру саласында еңбек ететін жарасымды жұптар көп. Алдағы уақытта бұл жөнінде арнайы мақала да жазатын боламыз.
Еркебұлан мен Ақтолқын үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Өздері жұмыстан бөлек үй шаруасын бірге тындырып, барлығын ақылдасып істейді. Отанасының сөзінше, адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік отбасын берекелі етеді.
Түйіндей айтқанда, бүгінде мұғалімдерге айтылатын түрлі сындар аз емес, әрине орындысы да бар. Сын түзелмей мін түзелмейді демей ме? Дегенмен әрекеті ізінен ерген жастарға үлгі бола алатын жандарға осылай құрмет білдіріп, еңбегін елге кеңінен көрсетіп, тереңірек насихаттасақ жарасады. Әсіресе бүгінгі кейіпкерлеріміз секілді бір шаңырақтың түтінін түтетіп, бір саланың жүгін көтеріп жүрген жандардың қоғамда алар орны бір бөлек.

Әсел РЗАЕВА

18 мамыр 2021 ж. 432 0