№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төл газет төрде тұрсын!

Төл газет төрде тұрсын!


ХХІ ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технология қарқынды дамып, жаңа медиа – сайт-порталдар мен әлеуметтік желіде жаңалық таратудың ұтымды платформасына айналды. Бұл газетке деген сұраныс төмендеді деген сөз емес. Қайта сараптамалық мақалалармен қаруланып, сенімді ақпарат көзіне айналған газеттер бәсекеге қабілеттілік танытуда. Осы қатарға «Жаңақорған тынысы» газетін жатқызуға әбден болады.


Ауданның төл газетінде елге белгілі жазушы-ақындардың ізі бар. Мырқы Исаев, Айдархан Бибасаров, Адырбек Сопбеков, Бақтыбай Айнабеков, Әкім Мейірбекұлы, Файзулла Сахиев, Есенғали Раушанов, Жақсылық Рахматулла, Үсен Әбшенов, Төлеуғали Отарбаев, Сырлыбай Төртбаев, Жұмабай Әбілов, Мағираш Тұрсынова, Баян Үсейінова және т.б ерекше атауға болады. Олар оқырмандарына мазмұны терең, мәні кенен мақалалар ұсынып, шығармашылық ізденістің жолын көрсетті. Осы дәстүрді бүгінгі буын абыроймен жалғап, заманауи үрдістерге бейімделіп келеді.
Соңғы жылдары аудандық газеттің тиражы 6000-нан асты. Нақтысын айтсақ, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 6566 данамен тарады. Бұл – біздің аудан Сыр өңірінде экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастаса, «Жаңақорған тынысы» аудандық газеттер арасында таралымы бойынша бірінші орынға шықты деген сөз. Әрине, газеттің беделі өсіп, таралымының артуында аудан әкімінің қолдауын ерекше сезініп келеміз, және ішкі саясат бөлімінің баспасөзге жазылу науқанын ұтымды ұйымдастыруын, сондай-ақ сала басшыларының жауапты науқанға жауапкершілікпен қарайтынын айту орынды.
Төл басылымның таралы­мының артуына ұстаздар мен медицина мамандары, мәдениет, спорт, құқық қорғау саласының қызметкерлері ұдайы қамқорлық көрсетіп жүргенін мақтанышпен айта аламыз.
Оқырман қауымның шынайы қолдауын сезінген шығармашылық ұжым ізденісті арттырып, ойлы мақалалар жазып, ақпаратты дер кезінде жеткізуге күш салуда. Әсіресе арнайы беттер арқылы әр саланың мамандарын ақпаратпен қолдауды жолға қойды. Яғни ұстаздардың шығармашылығына бағытталған «Шамшырақ», балабақша қызметкерлері үшін «Балапан», құқық қорғау саласының қызметкерлерін насихаттайтын «Құқық және қоғам», дәрігерлердің дәреметіне арналған «Дауаны», спортшылардың алған биігін дәріптейтін «Сергек» бетін шығаруды жалғастырып келеміз. Оқырманнан оң бағасын алған «Оқшау ойды» бір жылдық үзілістен кейін қайта шығаруды қолға алдық. Әлі оқырманнан келген хаттарды да осы айдармен шығарудамыз. «Қазақ қызы», «Талантты жастар тұғыры», «Сенбілік сұхбат», «Балалық шаққа саяхат» және т.б. тұрақты айдарға лайықты тұлғаларды шығаруды жалғастырып, оқырман көңілінен шығуды ойлаймыз.
Бір сөзбен айтқанда, газеттің айтары көп. Төл басылымның мазмұндық деңгейін арттырып, дизайнерлік өрісін кеңейте түсеміз. Қызықты әрі құнды материалдарды тақырыпқа арқау етіп, оқырмандарға саналы ой салуға күш саламыз.
Шерхан Мұртаза ағамыз айтқандай, «жегені жантақ, арқалағаны алтын» журналистер қауымы жауапкершілік жүгін сезініп, қоғамдық сананы жаңғырту жолында еңбек ететін болады.
Сөз соңында, газетке жазылу әлі де жалғасып жатқанын жеткіземіз.
Айта кететіні, «Сыр медиа» ЖШС сенімгерлікпен басқару міндетін «Халық» ЖШС алғандықтан, баспасөзге жазылудың қаржысын «Халықтың» есеп-шотына аударуды сұраймыз.

БСН: 010240004526
ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы: 33001
ҚҚС төлеуші куәлігінің нөмірі: 0003379
БСК: HSBKKZKX
ЖСК: KZ756017201000002074
«Қазақстан Халық банкі» АҚ


Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
12 мамыр 2021 ж. 368 0