Ауданның жаршысы «Жаңақорған тынысы» газетіне жазылуды ұмыт қалдырмаңыздар
ХХІ ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технология дамып, жаңа медиа түрлері қалыптасты. Яғни сайт-порталдар мен әлеуметтік желілер ақпарат таратудың тетігіне айналды. Дегенмен дәстүрлі медиа сенімді ақпарат көзі ретінде бағаланып, таралым деңгейі сақталып келеді. Бұған «Жаңақорған тынысы» газетінің бүгінге дейінгі бағасы мен бет-беделі дәлел. Мәселен, 2017 жылы – 6640 дана, 2018 жылы – 6990 дана, 2019 жылы – 6860 дана, 2020 жылы – 6617 данамен тарауда. Бұл ретте, жергілікті басылымға биліктің қолдауы мен оқырманның шын ықыласты демеуі бәрінен маңызды.
Ғасырға жуық тарихы бар төл басылымның шығармашылық ұжымы аудан басшыларының бастамаларын насихаттаумен қатар, тұрғындардың да ой-пікіріне мән беріп келеді. Әсіресе сараптамалық мақалалар мен жолсапар очерктері, эсселердің өз оқырманы қалыптасқан. Нәтижесінде Сыр өңіріндегі таралымы ең көп газеттің біріне айналды.
Енді 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу барысы қалай жүруде. Соған тоқталсам.
Аққорған ауылдық округінің әкімдігіне мың алғыс. Ауыл әкімі Сардар Садықов жауапты науқанның салмағын түсініп, ауылдастарын газетке жаздыруда жауаптылық танытты. Сондай-ақ Келінтөбе, Сүттіқұдық, Екпінді ауылдық округтері төл газетке жазылуда белсенді. Қалған ауылдық округтің оқырмандарына әзірге сергектік жетіспей тұр.
Біздің негізгі қолдаушымыз ұстаздар қауымы екені белгілі. Дәл қазіргі ақпарат бойынша, №54 (Бесарық ауылдық округіндегі), №160 (Манап), №164 (Құттықожа), №167 (Жаңарық), №192 (Келінтөбе), №193 (Байкенже) мектептің ұстаздары газетке жазылуда оқ бойы алда тұр. Жаңақорған кентіндегі мектептің ұстаздары әзірге жауапты науқанды толық сезінбегендей. Бұл қатарға №55, №86, №213. №240, №245 мектепті де қосуға болады.
«Жаңақорған тынысы» газетінің таралымы артуына балабақшалар да үлес қосуда. Жаңақорған кентіндегі «Болашақ», «Нұрай-Қыдыр», Төменарық ауылдық округіндегі «Балауса», Сунақата ауылдық округіндегі «Алинұр-С», Келінтөбе ауылдық округіндегі «Жанерке», Аққорған ауылдық округіндегі «Айдана», «Ербол-Ш» балабақшасын ерекше атап өтуге болады.
Ал мәдениет саласының мамандары газетке жазылудан бөлек, «оқырмандарыңыз көбейе берсін!» деген ақжарма тілегін жеткізді.
Осы санаттан медицина мамандары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері де көрінеді деген үміттеміз. Қос саланың мамандары жылда газетке жазылудан қалыс қалған емес.
Әрине баспасөзге жазылу әркімнің өз еркінде. Дегенмен облыс, аудан, ауыл-аймақтағы жаңалықтарды кәсіби журналистердің көзімен танып-білсе ниет біздікі.
Құрметті оқырман, ендеше ауданның жаршысына айналған «Жаңақорған тынысы» газетіне жазылуды ұмыт қалдырмаңыздар!
Лаура БИБАСАРОВА