№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төл газетіміз төрімізден табылсын!

Төл газетіміз төрімізден табылсын!


ХХІ ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технология дамып, жаңа медиа түрлері қалыптасты. Яғни сайт-порталдар мен әлеуметтік желілер ақпарат таратудың тетігіне айналды. Дегенмен дәстүрлі медиа сенімді ақпарат көзі ретінде бағаланып, таралым деңгейі сақталып келеді. Бұған «Жаңақорған тынысы» газетінің бүгінге дейінгі бағасы мен бет-беделі дәлел. Мәселен, 2017 жылы – 6640 дана, 2018 жылы – 6990 дана, 2019 жылы – 6860 дана, 2020 жылы – 6617 данамен тарауда. Бұл ретте, жергілікті басылымға биліктің қолдауы мен оқырманның шын ықыласты демеуі бәрінен маңызды.


Ғасырға жуық тарихы бар төл басы­лымның шығармашылық ұжымы аудан басшыларының бастамаларын насихаттаумен қатар, тұрғындардың да ой-пікіріне мән беріп келеді. Әсіресе сараптамалық мақалалар мен жолсапар очерктері, эсселердің өз оқырманы қалыптасқан. Нәтижесінде Сыр өңірін­дегі таралымы ең көп газеттің біріне айналды.
Енді 2021 жылдың бірінші жарты­жылдығына жазылу барысы қалай жү­руде. Соған тоқталсам.
Аққорған ауылдық округінің әкім­дігіне мың алғыс. Ауыл әкімі Сардар Садықов жауапты науқанның салмағын түсініп, ауылдастарын газетке жаз­дыруда жауаптылық танытты. Сондай-ақ Келінтөбе, Сүттіқұдық, Екпінді ауылдық округтері төл газетке жазылуда белсенді. Қалған ауылдық округтің оқырмандарына әзірге сергектік жетіспей тұр.
Біздің негізгі қолдаушымыз ұстаздар қауымы екені белгілі. Дәл қазіргі ақ­парат бойынша, №54 (Бесарық ауылдық округіндегі), №160 (Манап), №164 (Құттықожа), №167 (Жаңарық), №192 (Келінтөбе), №193 (Байкенже) мектептің ұстаздары газетке жазылуда оқ бойы алда тұр. Жаңақорған кентіндегі мектептің ұстаздары әзірге жауапты науқанды толық сезінбегендей. Бұл қатарға №55, №86, №213. №240, №245 мектепті де қосуға болады.
«Жаңақорған тынысы» газетінің таралымы артуына балабақшалар да үлес қосуда. Жаңақорған кентіндегі «Болашақ», «Нұрай-Қыдыр», Төменарық ауылдық округіндегі «Балауса», Сунақ­ата ауылдық округіндегі «Алинұр-С», Келінтөбе ауылдық округіндегі «Жанер­ке», Аққорған ауылдық округіндегі «Айдана», «Ербол-Ш» балабақшасын ерекше атап өтуге болады.
Ал мәдениет саласының маман­дары газетке жазылудан бөлек, «оқыр­мандарыңыз көбейе берсін!» деген ақжарма тілегін жеткізді.
Осы санаттан медицина мамандары мен құқық қорғау саласының қыз­меткерлері де көрінеді деген үміттеміз. Қос саланың мамандары жылда газетке жазылудан қалыс қалған емес.
Әрине баспасөзге жазылу әркімнің өз еркінде. Дегенмен облыс, аудан, ауыл-аймақтағы жаңалықтарды кәсіби журналистердің көзімен танып-білсе ниет біздікі.
Құрметті оқырман, ендеше ауданның жаршысына айналған «Жаңақорған тынысы» газетіне жазылуды ұмыт қал­дырмаңыздар!

Лаура БИБАСАРОВА
24 қараша 2020 ж. 401 0