№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өлкеміз көктеп, көгере берсін!

Өлкеміз көктеп, көгере берсін!


«Мағыналы бір күн» ағаш егу акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттары сенбілікке шығып, көшет отырғызды.
2015 жылы Руслан Рүстемовтің бастамасымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралынан Жаңақорған кентіне келетін жолдың екі бетін жасыл белдеуге айналдыру қолға алынған-ды. Бүгінде қоршаумен қоршалған арнайы аумақта ағаштар көктеп тұр. Дегенмен белгілі жерлерінде қайтадан көшет отырғызып, көгерту керек.


Мәслихат депутаттары осыны қолға алды. Атап айтқанда, Ғалымжан Сопбеков, Мәжит Балқожаев, Сермұхамед Оразгелдиев, Баянбек Халжанов, Нұрлат Байгенже, Әсемгүл Тілеубергенова, Жанат Жүсіпова, Жәудір Абдукаримова саялы ағаштың көшетін отырғызды. Игілікті іс-шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов арнайы келіп, көшеттердің көктеуіне тілектестік білдіріп, өзі де акцияға қатысты. Әрі өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Оңал Ержанов пен кент әкімі Сардар Садықовқа көшеттерді көгертуде аяқ су мәселесін толық шешуді тапсырды.
– Ғалымжан Сопбеков бастаған халық қалаулалары игілікті іске ұйытқы болып, аудан орталығының жасыл желекке айналуына үлес қосуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік мекеме қызметкерлері де сенбілікке қатысып, ағаштарды әктеу, тазалау жұмысына қатысуда. Осындай ізгілікті істердің жасыл белдеуге айналуына септігі мол! – деді аудан басшысы.
Жастарға экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы – сөзбен емес іспен көрсету маңызды. Депутаттар осыған мән берді...
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасы жер-жерде қолға алынуда. Біз науқандық жұмыспен шектелмей, әрбір көшеттің көктеп-көгеруіне жағдай істеуіміз тиіс. Ол үшін Руслан Рүстемұлы айтқандай, аяқ су мәселесін шешіп, көшеттерді тамшылатып суаруды қолға алған дұрыс, – деді «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
Бүгінде Әб-Жәлел баб кесене маңындағы бау-бақшада мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, өнер саласының майталмандары еккен ағаштары жайқалып тұр. Атап айтқанда, Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Дархан Мыңбай, Әлихан Бәйменов, Ержан Уәйіс, Досхан Жолжақсынов, Зинабдин Шермағамбетов, Мұзараф Махмудов және т.б белгілі тұлғалар отырғызған көшеттер бүгінде жеміс беруде. Міне, осы дәстүрді кентте де қолданып, іске асыруға әбден болады. Акция барасында депутаттар осы жөніндегі ойларын ортаға салып, талқылады...
Осындайда Алла Елшісінің (ғ.а.с.) «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» (Бұхари) деген ұлағаты еске түседі.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
13 сәуір 2021 ж. 463 0