№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қайырлы іс – жанға дәру

Қайырлы іс – жанға дәру

13 ақпан. 2021 жыл. Аққорған ауылдық округінде төтенше жағдай орын алды. Сағат 17.50-де Қайрат Қоңыратбаевтың шаңырағы өртке оранды. Бұл уақытта отанасы Айгүл Қызылорда қаласындағы ауруханада болса, отағасы Қайрат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыста еді. Шүкір, бала-шаға дін аман!
...Шұғыл аудандық өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды ауыздықтайды. Осылайша апақ-сапақ мезгілде бір отбасының шаңырағы шоққа айналып, үйсіз қалған-ды.
Сүрінгенге сүйеу, жығылғанға жалау, қиналғанға қолдау білдіретін қайырымды жұртпыз ғой, шамның уақыты кіргенде жайсыз хабарды естіген ауыл әкімі Сардар Садықов, VІІ шақырымдағы аудандық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Қабеденов, VІ шақырылымда аудандық мәслихаттың депутаты болған Нұрлыбай Қалжанов бастаған азаматтар оқиға орнына барып, көмек қолын созуды бастап кетеді.
Сөйтіп сансыз сауапқа кеңелгісі келетін қайырлы азаматтарды іске демеу болуға шақырып, арнайы штап құрады. Оның тізгінін іске епті азамат Сейілхан Тұрсынханов ұстайды. Сондай-ақ Нұржан Мұсаев, Бағлан Мамыров, Қамбар Садықов және т.б қайырымдылық іске дем беруге және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысуға бекенеді.
Аудандық мәслихатының хатшысы Ғалымжан Сопбеков қамыққан көңілге демеу көрсетіп, рухани қолдау білдіріп қайтайық деген ұсыныс тастап, өзі жол бастады. Бұл қатарда «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Бақытжан Төлегенов, Бағлан Ерімов, Мейрамбек Қабетенов жолға шықты. 
Оқиға орнына бардық. Ығы-жығы жүрген адам қарасы көп. «Ырыс алды – ынтымақ» деп білген түгіскендіктердің іс үстінде көрдік. Ауылдың ақсақалдары да қарасын көрсетіп, жастарға өнеге жолын көрсетіп жүр...
Таңертенгісі үйдің қабырғасын өруді бастаған екен. Біз сағат түскі 12-ден өте бардық. Бірнеше сағатта үйдің қабырғасын өріп, сейсмикалық белдеуін (сейсмопояс) құйып жатты.
Таңертігісін Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов демеу көрсетіпті. Ауыл тұрғындары қайырымды басшының қайырлы ісіне көңілі толып жүргенін білдік. Осындай шаттықты мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков арттырып, шаңырақ иесіне қаржылай көмек көрсетті.
– Түгіскен берекелі бастамаларымен танылған аймақ. Оның айқын дәлеліне куә болып тұрмыс. Істеріңізге Алла берекесін берсін! Біз де қайырлы істен қалыс қалмайық деп арнайы келіп тұрмыз, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Біз Аққорған ауылдық округінен рухтанып қайттық. Оған мейманасы тасып, берекесі артып, ауызбіршілігі ұйысқан ауылдағы оқиға әсер етті.
***
Түстен кейін «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Сермұхаммед Оразгелдиев, Жасұлан Амалбеков, Әсемгүл Тілеубергенова, Жанат Жүсіпова Құттықожа елді мекеніне арнайы барып қайтты. Ондағы мақсат – Қызжібек Жұмабаеваның шаңырағына жылулық сыйлау.
2020 жылдың 30 желтоқсанында оның үйі өртке оранған еді. Содан Қызжібек апамыз бас партияның аудандық филиалына қабылдауға келіп, көмек сұрады. Өтініш аяқсыз қалмай, нұротандықтар мен мәслихат депутаттары қаржылай қолдау білдірді.
Депутаттар осы аманатты жеткізіп, шаңырақта қуанышты күндердің көп болуына тілеулестік білдірді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

21 ақпан 2021 ж. 891 0