№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өлкеміз көктеп, көгере берсін!

Өлкеміз көктеп, көгере берсін!

"Мағыналы бір күн" ағаш егу акциясына Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаттары белсенді қатысты.
2015 жылы Руслан Рүстемовтің бастамасымен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық магистралынан Жаңақорған кентіне келетін жолдың екі бетін жасыл белдеуге айналдыру қолға алынған еді. Бүгінде қоршаумен қоршалған арнайы аумақта ағаштар көктеп тұр. Дегенмен белгілі жерлерінде қайтадан көшет отырғызып, көгерту керек-ақ.
Мәслихат депутаттары осыны қолға алды. Атап айтқанда, Ғалымжан Сопбеков, Мәжит Балқожаев, Сермұхамед Оразгелдиев, Баянбек Халжанов, Әсемгүл Тілеубергенова, Жанат Жүсіпова, Жәудір Абдукаримова саялы ағаштың көшетін отырғызды. Игілікті іс-шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов келіп, көшеттердің көктеуіне тілектестік білдіріп, өзі де акцияға қатысты. Әрі өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Оңал Ержанов пен кент әкімі Сардар Садықовке көшеттерді көгертуде аяқ су мәселесін толық шешуді, игілікті істі жалғастыруды тапсырды.
– Ғалымжан Сопбеков бастаған халық қалаулалары игілікті іске ұйытқы болуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік мекеме қызметкерлері де сенбілікке қатысып, өлкенің жасыл аймаққа айналуына үлес қосуда. Көлеңкелі биік дарағың көктеп, Жаңақорған жасыл белдеуге айнала берсін! – деді Руслан Рүстемұлы.
Жастарға экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы – сөзбен емес іспен көрсету маңызды. Депутаттар осыған мән берді...
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасы жер-жерде қолға алынуда. Біз науқандық жұмыспен шектелмей, әрбір көшеттің көктеп-көгеруіне жағдай істеуіміз тиіс. Ол үшін тамшылатып суаруды қолға алған дұрыс, – деді "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандың филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
Өткенге күз жүгіртсек, Наурыз мерекесінде ағаш егу дәстүрі жүйелі қолға алынып, үлкендер жағы "Ағаштың саясына төрт көзіміз түгел жиналайық" деп батасын беріп жататын. Бұл игі дәстүр үздіксіз жалғасын табуы тиіс. Іс-шара барасында депутаттар осы жөніндегі ойларын ортаға салып, талқылады...

11 сәуір 2021 ж. 626 0