» » Жаңақорғанда жасыл энергия қолданыста

Жаңақорғанда жасыл энергия қолданыста


БАҚ өкілдері келесі бағыт бойынша тәулігіне 10 Мвт күн электр станциясын өндіретін жобамен танысты. Жаңақорғанда алғаш рет жаңармалы қуат көзі – жасыл энергия өндіріле бастады. Жобаның бастамашысы – «ХЕК КТ» ЖШС. Жоба жетекшісі Аят Кареев жасыл энергияның тиімділігін түсіндірді. Құны 3,8 млрд теңгені құрайтын жобаның құрылысы 2020 жылдың қазан айында басталып, толық іске қосылды. Бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 35 гектар аумаққа орналасқан 25 мың күн батареясынан электр энергиясы өндіріліп, халықтың игілігіне беріледі. Осындай игілікті іс Жаңақорғанда атқарылуда.
– 35 әкімшілік ғираматтар орналасатын жерден бөлек аумаққа панель қойылады. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс процесі толығымен автоматтандырылады. Жалпы мұндай жоба енді қолға алынады. Еліміз бойынша осы аймақтағы энергия бір ауданды қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Бірақ біз тоқ көзін тікелей халыққа емес, тиісті мекемелерге тиісті тарифпен берудеміз. Ал қалғаны сол мекеме құзырында, – деп Аят Қайратұлы жұмыс орнынан кішігірім мағлұмат бере кетті.
Бір мәлімет келтіре кетейік, әлемде күн энергиясын өндіру жөнінде Қытай көш бастайды. 2030 жылға қарай Қытай баламалы энергия көздерін 20 процентке жеткізуге күш салуда. Өйткені, мұның артықшылығы көп. Мәселен, қаражат көздері үнемделеді, технологияның дамуына септігі мол. Сондай-ақ күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді, сарқылмайды және қоршаған ортаға қауіпсіз.
Жалпы Қазақстандағы балама энергия көздерін: желден, судан, күннен өндіруге мүмкіндік мол. Қазір шаруа қожалықтар, әсіресе малшылар қауымы осы жүйені енгізуде. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау бар. Әсіресе біздің ауданда күннің қуатын пайдаланудың артық­шы­лығы көп.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
30 наурыз 2021 ж. 456 0