№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңақорғанда күн энергиясы өндіріледі

Жаңақорғанда күн энергиясы өндіріледі

Достар, 35 гектар аумаққа орналасқан 25 мың күн батареясын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Күнмен жалт-жұлт шағылысып, дала төсін жарқыратып тұрады, иә?! Бастысы, одан электр энергиясы өндіріліп, халықтың игілігіне беріледі. Осындай игілікті іс Жаңақорғанда атқарылуда. Сәтін салса жылдың аяғына дейін іске қосылып, жаңармалы қуат көзі – жасыл энергия өндірілетін болады.
Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов арнайы аумаққа арнайы барып, тың жобамен танысты. Топ құрамында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев бар.

Бізді «Hevel Kazakhstan» ЖШС уческі басшысы Вячеслав Кириченко мен компанияның бас энергетигі Юрий Громийчук күтіп алып, құрылыс аймағына жол бастады.
– Жігіттер, іске сәт! Жұмыстарыңыз берекелі болсын! – деп ізет білдірді әкім. Сөзін әрі қарай жалғап:
– Тәулігіне қанша электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр? – деді.
– Тәулігіне 10 мВт өндіреді, – деп жауап қатты жауапты маман.

Бұдан ары аудан басшысы мен уческі басшысы былай пікір алмасты:
– Қанша адам жұмыс жасауда?
– 25 адам. Оның 12-і жергілікті азаматтар.
– Панель қалай, қайда орналастырылады?
– Қазір 35 гектар жер қоршалды. Тек әкімшілік ғираматтар орналасатын жерден бөлек аумаққа панель қойылады. Қазір
құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс процесі толығымен автоматтандырылады. Жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.
– Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде баламалы энергия көздерін өндіретін жасыл аймаққа айналуға мүмкіндік мол. Қазір озық елдер жасыл энергиясының игілігін көруде. 2015 жылы Түркия барғанымда жеке тұрғын үйлерден күн батареяларын көрдім. Сондай деңгейге жеткізу жолында жұмыс жасауымыз тиіс.

P.S.: Күн энергиясы жақын арада Жаңақорғанда өндіріледі. Бейсенбі күнгі көрген жағымды жаңалық осы болды...

05 қараша 2020 ж. 2 798 0