Ұлттық құндылықтар – рухани дамудың кілті
Рухани өмір қоғамдық өмірдің аса үлкен саласы. Ерекшелігі, адамзаттың жинаған рухани мәдениетінің адамның тіршілік әрекетінде қызмет етуінде. Сондықтан оған дүниетанымдық мәдениетті, атап айтқанда өнерді, саяси идеологияны, құқықтық мәдениетті жатқызуға болады. Бұл бағытта ауданда атқарылып жатқан, ауыз толтырып айтарлықтай қаншама игілікті іс-шаралар жеткілікті.Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды. Жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Мұны рухани тұрғыда даму деп қарастыруға болады. Ал осы қасиетті одан әрі дамытуда қазақтың салт-дәстүрі мен басқа да маңызды деген бағыттарын ұстану парыз. Ұлтының мәдениетін, салтын, жалпы адамзаттық құндылықты ұлықтауда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Онда алға қойған мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни нәтижелі істе болуы маңызды делінген. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген, тарихи және мәдени ескерткіштері жайлы пресс-тур өтті. Онда аудан әкімі Руслан Рүстемұлы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сығанақ» қалашағына, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізі арқылы «Сауранға», «Айқожа Ишан» және «Төлегетай, Қылышты» ата кесенесіне, одан әрі «Өзгент» қалашығы мен «Хорасан ата» кесенесіне арнайы барып, тарихи нысандарды аралаған болатынбыз. Тура осындай пресс-тур биылғы жылы маусым айына жоспарланып отыр. Онда Бесарық ауылдық округіндегі Айсыновтар жанұялық ансамблі мен «Әлшекей ұлт аспаптар оркестрінің» шығармашылық жұмысымен танысу өтеді. Сондай-ақ Қаратау бөктеріндегі көне су диірмені және таңбалы тастар жайлы деректер мен ауданымыздың ат спорты саласындағы жетістіктермен танысу жоспарлануда.
Рухани бағыттың бір саласы мәдениет пен өнерде де көкжиегіміз кең. Пандемия жағдайына қарамастан аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған онлайн форматтағы түрлі байқаулар мен іс-шаралардың өтуі мақтанарлық жағдай. Тіпті әлемдік деңгейде биіктен көрініп жатқан жастарымыз да бар. Әрине, қай бағытта болмасын жауапкершілікті сезінетін мәдениет майталмандарының атқарған істері аз емес. Үздік деп танылған мамандар жұмыс істейтін бұл саланың жұмысын өзім де әлеуметтік желіден үнемі бақылап отырамын.
Сонымен қатар, рухани жаңғыру бағытының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында атқарылып жатқан сауапты іс те жетерлік. Бабалардан қалған «Туған жерге туыңды тік» деген асыл сөзді ұстанған әрбір қазақ, іскер азаматтар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері туған еліне, кіндік қаны тамған жеріне қызмет етуде. Бұл олар үшін келер ұрпаққа тағылымды өнеге жолын үлгі ету ғана емес, әрбір азаматтың перзенттік парызы екенін көрсету. Міне осы бағытта ауданымызда меценаттық танытып жүрген азаматтарымыз аз емес. Олар ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін өз қаражаттары есебінен, аудан көлеміндегі тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмек көрсетуде аянып жатқан жоқ. Халық игілігіне пайдаланатын әлеуметтік нысандардың салынуына және нысандардың күрделі жөндеуден өткізуге әрдайым демеушілік жасап келеді. Сондықтан олар қандай марапатқа болмасын лайық. Олардың ішінде Жаңақорған ауданының тумасы Жүсіпова Несібелі Бектасқызын, Ақылбеков Бақытжан Бейсенбекұлын және пандемия кезінде шын жанашырлықпен жұмыс істеген «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Бір жұтым ауа» қайырымдылық акциясы аясында аудандық ауруханаға 13 оттегі концентранты мен 10 пульсоксиметр аппаратын табыстағанын ерекше айтып өтуге болады. Бұл қоғамдық қор әлі де болса қайырымдылықпен айналысып келеді. Мәселен, қор басшысы Еркінбек Айнақожаев пен белсенді әрі жанашыр мүшесі, жеке кәсіпкер Арман Мәжитов бастаған топ «Aidyn nury» қорының директоры Мөлдір Әшімханқызына шын көмекті қажет ететін мұқтаждың жағдайын жеткізді. Осылайша «Aidyn nury» қоры аясында осы күнге дейін 13 отбасы баспаналы болды. Тіпті көршілес жатқан Шиелі ауданының тұрғынының да өтінішіне құлақ асып, құтхана сыйлаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еріктілердің демеуімен қор аясында жылу жинап, асар әдісімен 6 отбасының баспаналы болғаны да көптің есінде. Ең бастысы, барша қазақ көмек қолын созған Мақтаралдағы табиғи апат пен Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көрсеткен көмегінің өзі сауапты іс. Жастар арасында «Анаға хат», «Әкеге хат» байқауын ұйымдастырып, жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына да үлестерін қосып келеді.
Қиындыққа ондай көзқараспен қарамай, еңсеңді түсірмесең, әрбір қиындықтың шешімі бар екенін түсіңесің. Бұл тұрғыда қоғамдық бақылау, қоғамдық қабылдау мен кеңес мүшелерінің, комиссия отырысының атқарар ісі ерекше. Демек, кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Атқарушы билік пен қоғамның ынтымағы тонның ішкі бауындай беки түседі деген сөз.
Өкінішке орай, соңғы кезде жасөспірімдер арасында өмірден түңілу салдары көрініс беріп, суицидке ұласып жатыр. Психикалық бұзылыстар, күйзеліске қарсы тұра алмау, артық қобалжу, өздігінен шешім қабылдаудан қорқу, үрейге бой ұсыну, агрессияға жол беру және тағы басқа жайттар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі байқалуда. Сол себепті олардың психикасына, денсаулық мәселелеріне көптеп көңіл бөлуді жолға қойдық. Жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі де жоқ емес.
Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндік басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.
Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз – қоғам – қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақ бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды басты мақсат еткен комиссия отырысының мақсаты айқын.
Дархан ТҰРСЫНБАЕВ
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары