» » ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮНІ

ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КҮНІ

   Егемендік алған 27 жыл ішінде Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Еңсесі тіктеліп, ұлттық төл мәдениеті дамып, салт-дәстүрі сақталып, әдебиеті мен ғылымы өркендеді, рухани мұралары жаңғырды.

 
  Экономикасы өсіп, халықтың әлеуметтік әлеуеті артты. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің жарқын жемісі. Елбасы рухани жаңғыруды мақсат етіп, ұлы даланың қырларын қайта тірілтуді тапсырды. Яғни, қазаққа тән болмыс-бітімді жаңғыртуды жолға қойды. Озық отыздыққа ұмтылған көшке ілесуді мақсат ете отырып, ұлттық болмысымызды баянды ету көзделген әрбір бастама қазақ елін алға бастайды.
Бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, «Мәңгілік Ел» болуға бекінді. Қазіргі жаһандану заманында тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын, басқа да қоғамдық гуманитарлық ғылымдарды жетілдіру біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттары болуы керек. Сондықтан, ұлттық өрлеудің басты трегіне айналған ұлы күнді қадір тұтып, ел дамуына үлес қазақстандықтардың азаматтық борышы.

Гүлдана МЕШІТБАЕВА,
аудандық архивтің мұрағатшысы.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 176 0