Еңбектеріңіз жана берсін!
Өткен жылдың қараша айынан бастап жүрек тұсым мазалап, ауруханаға түстім. Бұрын жүрек ауруынан есепте тұратын едім. 2018 жылы жүректің бір тамырын ашуға ота жасалған еді. Бұл жолы күрделі отаны облыстық медициналық орталықта үш бірдей хирургтың жасауына тура келді. Олар Әмитов Нұридин Егенбердіұлы осы аурухананың бастығы, Дәуітбаев Берік Русланұлы кардиология бөлімі меңгерушісі, дәрігер Сейдахметов Жеңіс Сардарбекұлы (суретте) болатын.
Ота өте сәтті шықты. Операциядан соң да ерекше күтімге алып, жағдайымды күнбе-күн біліп отырған дәрігерлердің өз жұмысын өте үлкен жауапкершілікпен атқаратын кәсіби биік мәдениеттіліктеріне дән риза болдым.
Қандай ауыр науқас болмасын кісіні аяққа тұрғызатын жылы сөз бен ілтипаттың орны бөлек екен. Балаларымның ел денсаулығы жолындағы еңбегі жана берсін!
Ізгі тілекпен
Жанзақ БАБАЖАНОВ