НАУҚАСТЫҢ САУЫҒУЫ – ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК
Аураханадағы ауыртпалығы басым бөлім – жансақтау бөлімі. Онда ауыр науқастарға ерекше күтім жасалады. Аурухананың өзге бөлімдеріне қарағанда жұмыс жүктемесі ауыр. Өлім халінде жатқан науқасқа ерекше мейірім төгуі тиіс.

Лаураның денсаулық «сақшысы» атану бала күнгі арманы-тұғын. Ойын құптаған ата-анасы қалаған мамандығы бойынша Шымкент медицина колледжінде білім алуына жағдай жасады. Арнайы оқу орнын бітіргеннен кейін аурухананың жансақтау бөліміне мейірбеке болып жұмысқа қабылданады.
– 12 жыл бойы қызу жұмысы бір сәтке толастамаған бөлімде науқастар өміріне араша болып, аяғына тік тұрып кеткенінше байыз таппайтын мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Науқастың аяққа тұрғаны біз үшін биік шыңды бағындырғанмен бірдей, – деді Лаура Сарекеева.
Медбике мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал етеді десек, емделушінің аяққа тұрғанын жетістікке балауы түсінікті-ақ.
Ең қиыны, жансақтау бөліміндегі жұмыс уақытпен санаспау қажет. Ауыр халде жатқан науқастың жағдайы кез-келген уақытта тым нашарлап кетуі мүмкін. Тіпті, өлім жағдайымен бітуі де мүмкін. Сондықтан өмір мен өлімнің арасындағы қызметте берік жүйкені, шыдамдылықды, ұстамдылықты, сабырлылықты қажет етеді. Осындай жерде қалтқысыз қызмет ететін Лаура Сарекееваның қызметін қалайша құрметтемейсіз?!