Баспана мәселесі – басты назарда
Атқарушы биліктің бұқарамен байланысын нығайту, түптеп келгенде, ашық қоғамның айқын қағидаттары саналады. Әр аптаның сәрсенбісінде аудан халқына қоғамдық қабылдаудың есігі ашық. Солардың көпшілігінде басты тақырып баспана мәселесіне келіп тіреліп жатады.Ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығында жиырма мың адамға артқан ауданда баспана мәселесінің басты орынға шығуы заңды. Қазір ауданда 960 азамат үй кезегінде тұр екен. Аудан басшылығы кезекте тұрғандардың қатарын барынша азайтуға байыпты қадам жасап келеді.
Биыл 2021 жылы республикалық бюджет есебінен 20 жаңа баспана салу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Оған 168 млн теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жүргізетін жер МАИ бекеті аумағынан таңдалды. Мұнан бөлек 18 пәтерлі, 3 бөлмелі, 20 отбасына арналған үй құрылыстары жүргізілу жоспары жасалды. Мұның жобалық сметалық құжаттары жасалып, салалық министрлікке ұсынылды.
Әрине, жұмыс мұнымен шектелмейді. Биылдың жобалық кезеңі біткен жоқ. Әлі де атқарылар іс ауқымды.
Бұдан бөлек, тұрғындардың жеке тұрғын үй салу жөніндегі өтініштерін қанағаттандыру мақсатында 213 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жобасын әзірлеуге қаражат бөлу жоспарлануда. Осы жоба жүзеге асқан жағдайда 1000-нан астам отбасы тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік алып, елдің тұрмыстық әлеуеті артпақ.
Тұрғын үй, жер телімі мәселесімен хабарласып жатқан азаматтарға қай мәселе де кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізгіміз келеді.
ЕЛДІҢ СӨЗІ ЕСКЕРІЛДІ
Уәде – құдайдың бір аты болса, сол уәденің сарабы азаматтың да абыройын айшықтайды. Бұлай сөйлеуіміздің парқы бар, әкімге халықтан үстем ештеңе жоқ, елдің сөзі ескерілмей қалмау керек.
Өткен жылдың аяғында Жаңақорған кенті Қадыр Тағаев көшесі тұрғындарының талабын тәрк етпей, аудан әкімі Руслан Рүстемов оларды өзі іздеп барды. Сөйтіп көпшілікпен кездескен болатын. Сонда тұрғындар: «Бізге бұрыңғы әкімдер уәде беріп шаршатты. Сіз де солардың санатынан емессіз бе? Көшемізге асфальт төселмей тұр, тастай қараңғы, жарық шамы қойылмады. Мектепке баратын балаларымыз үшін қиындық туғызуда» деген-ді. Бұған әкім Руслан Рүстемұлы: «Алдағы аудандық мәслихат сессиясында көшені асфальттауды қарап, тиісті қаражат қарастыруды қолға аламыз» деп еді.
Қазір сол кездесуге бір ай өтпей, барлық шара ұйымдастырылып отыр. Кәсіпкер Айдар Абдуллаевтың демеушілігімен көшеге 18 бағанаға диодтық шам орнатылды. Жарық самаладай сәулесін шашып тұр. Енді асфальттау ше?
Негізінен Қ.Тағаев көшесінің ұзындығы 410 метр болса, оның жалпы шығыны ескеріліп, аудандық бюджет есебінен асфальттау мен техникалық қадағалау жұмыстарына 10 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүруде. Демек, жақын күнде көше құрылысы жұмыстары жүргізіледі деген сөз. Ендеше әкім уәде берді, ол орындалу алдында тұр деп сеніммен айтуға болады.
Қаныбек ӘБДУОВ