№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Құрылыс индустриясы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты. Соңғы жылдары ауданда бұл саладағы жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізіліп келеді. Саладағы қарқынды істердің серпінін Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов журналистермен өткізген брифинг барысында баяндады. Сала басшысының айтуынша, жаңа оқу жылында 3 бірдей мектеп пайдалануға беріледі екен. Брифингтің әлқиссасын кенттегі «Саяжай» шағын ауданында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен бастады.
– Бүгінде заман талабына сай заманауи үлгіде салынған құрылыс кешендері ауданның айбынын арттырып, сымбатына сән қосуда. Әсіресе аудан басшысы Ғалым Әміреевтің бастамасымен кент орталығынан көпқабатты тұрғын үйлердің бой көтергін белгілі. Яғни, келешегі «Саяжай» мөлтекауданы сән салтанаты келіскен, сәулеті мен дәулеті артқан қонысқа айналмақ. Бүгінгі таңға 18 пәтерлі үш қабатты және 36 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйдің құрылысы салынды. Алдағы уақытта осындай 36 пәтерлі төрт қабатты бірнеше тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Осы «Саяжай» аймағында салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жұмысына 2017 жылы аудандық бюджеттен 73158 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаты жасалынған еді, – деді Орман Айтмағанбетұлы.
Сондай-ақ бөлім басшысы аталған инженерлік-коммуникциялық   инфрақұрылымдардың құрылыс-монтаж жұмысына 2017 жылы аудандық бюджеттен 38 354,5 мың теңге, республикалық және облыстық бюджеттен 273699,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылысы біткен 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйді және алдағы уақытта салынатын көп қабатты тұрғын үйлерді газбен, жылумен, ауыз сумен, канализациямен, электр қуатымен, тас жолмен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталғанын жеткізді.
– 2018 жылға аталған құрылыс-монтаж жұмысына облыстық және республикалық бюджеттен төмендегіше қажетті қаржы бөлінді. Атап айтқанда; Жаңақорған кентінің «Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Электрмен және жылумен жабдықтау жұмыс жобасына республикалық бюджеттен 100 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 10 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде республикалық бюджеттен 99 300,0 мың теңге қаржы, облыстық бюджеттен 8150,0 мың теңге қаржы  игеріліп, 0,7 шақырым 10 кВ электр желісі, 4,3 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен 1,1 шақырым жылу желісі толық аяқталды. Оған қоса, 1 дана КТПН трансформаторы орнатылып, блочно-модульді жылу қазандығын монтаждау жұмысы орындалуда. Газдандыру және абаттандыру жобасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 35 072,0 мың теңге қаржының 28 988,7 мың теңге қаржысы игерілді, – деді сала басшысы Орман Ахметов.
Брифинг барысында бөлім басшысы Екпінді, Қожамберді, Жаңарық ауылында бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы қарсаңында кент орталығындағы «Жаңауыл» мөлтекауданында, Түгіскен, Аққұм ауылында 3 бірдей мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетіні белгілі болды. Одан бөлек Орман Ахметов алдағы уақытта Жаңақорған кентінен 4 мектептің құрылысы басталатынын жеткізді.
– Сәтін салса, Жаңақорған кентінің «Саяжай» аумағынан 600 орындық, «МАИ бекеті» аумағынан 600 орындық, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және «Ипподром» аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің «Ипподром» аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылысына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Бүгінгі таңда төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге «Проммедконтракт» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 72 504,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал, екі балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 19 482,0 мың теңге қаржыға «Сыр Жоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жобалау жұмыстары жасалуда, – деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов.
Тілдесу барысында сала басшысынан қайта жаңғыртудан өтетін кенттегі орталық стадионның құрылысы неге кешеуілдеп жатқанын сұраған едік.
– 2018 жылы аудандық орталық стадионның қайта жаңғырту жұмысына жоба-сметалық құжатын  әзірлеуге аудандық бюджеттен 4592 мың теңге қаржы бөлініп, электронды мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Бүгінгі күнге, 3008,0 мың теңге қаржы игеріліп, әлеуетті өнім берушімен жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба сараптаманың қарауына ұсынылды. Қайта жаңғырту жұмысы қашан басталатыны алдағы уақыттың еншісінде, – деді Орман Айтмағанбетұлы.
Қорыта айтқанда, құрылыс саласының дамуы өркениет заманындағы өркендеудің өлшемі іспеттес. Яғни, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетінің артуына шешуші ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса алдағы уақытта ауданның құрылыс қарқыны одан әрі қарыштайтыны айқын.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
11 тамыз 2018 ж. 1 567 0