Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қуанышты жаңалық: 2019 жылы 12 мың баспана көпбалалы отбасыға беріледі

Қуанышты жаңалық: 2019 жылы 12 мың баспана көпбалалы отбасыға беріледі

9 сәуір күні үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасыларға берілетін баспана мәселесі жайлы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорға тынысы".

"Қолға алынған мәселелердің бірі - көпбалалы отбасыларға берілетін баспана мәселесі. Бір жылда 6 мыңға тарта пәтерді жалға беру көзделіп отыр. Одан бөлек 2019-2020 жылдары тағы 6 мыңдай пәтер берілмек. Бұл үйлер ТҮҚЖБ арқылы жеңілдетілген займмен беріледі", - деді министр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше, жалпы алғанда 7 жыл ішінде 40 мыңдай баспана жалға беріледі. 18 мыңға жуық баспана ТҮҚЖБ арқылы жеңілдетілген займмен табысталады. Қорыта айтсақ, көпбалы отбасыларға берілетін пәтер саны 54 мыңға жетерлік. Ал 2019 жылы 12 мың баспана кілті табысталады деп жоспарлануда.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әлеуметтік жобалар жайлы айтып өтті.
Сапарбаевтың айтуынша, үкімет басшысының тапсырмасымен елордадағы кей аудандарда кездесулер өтті. Жиында отбасыларға баспана беру, жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, мүгедек жандарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды.
"Қазақстанда 340 мыңнан аса көпбалалы ана өмір сүреді. Биыл 820 мыңнан астам адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланды. Ол үшін қазынадан 83 млрд теңге бөлінді. Ал 2019 жылы аз дегенде 285 мың көпбалалы отбасыға арналып жұмыс орны ашылмақ", - дейді Сапарбаев.

09 сәуір 2019 ж. 856 0