№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған: Құрылыс саласы

Жаңақорған: Құрылыс саласы

   Жаңақорған кентінің Саяжай аймағынан 20 га жерге көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын салуға жеке инвестор тарту арқылы бүгінгі таңға 18 пәтерлі үш қабатты және 45 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып пайдалануға берілді, алдағы уақытта осындай көп қабатты бірнеше тұрғын үйлердің құрылысы басталатын болады.


Көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік - коммуникциялық инфрақұрылымдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына 2017 жылы аудандық бюджеттен 38 354,5 мың теңге, республикалық және облыстық бюджеттен 273699,0 мың теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілген 18 пәтерлі үш қабатты, 45 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйлерді және алдағы уақытта салынатын көп қабатты тұрғын үйлерді газбен, жылумен, ауыз сумен, канализациямен, электр қуатымен, тас жолмен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға аталған құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен төмендегіше қажетті қаржы бөлінді. Атап айтқанда:
-«Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Электрмен және жылумен жабдықтау жұмыс жобасына 2017 жылға аудандық бюджеттен - 16000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен - 30000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен - 50 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.
2018 жылы республикалық бюджеттен 100 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 10 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде республикалық бюджеттен 99940,0 мың теңге қаржы, облыстық бюджеттен 8552,0 мың теңге қаржы игеріліп, 0,7 шақырым 10 кВэлектр желісі,4,3 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен 1,1 - шақырым жылу жүйесі толық аяқталды. 1 дана КТПН трансформаторы орнатылып, блочно-модульді жылу қазандығын монтаждау жұмыстары орындалды.
– «Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Газдандыру және абаттандыру жобасы бойынша 2017 жылға аудандық бюджеттен бөлінген қаржы - 20 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 5 000,0 мың теңге толық игеріліп, 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 35 072,0 мың теңге қаржының 32923,8 мың теңге қаржысы игерілді. Қазіргі уақытта 3,24 шақырым газ құбыры толық тартылып, ГРПШ газ тарату пункті орнатылған. Тас жол құрылысының 100% ға құрылыс жұмысы аяқталып, барлығы 3,6 шақырым тас жол төселген.
Монтаждалған газ құбыры жүйесін, жылу қазандығына қосу және Саяжай - 4 көшесіндегі газ құбырына (ГРПШ газ тарату пунктіне) қосу жұмыстары жүргізілген.
-«Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Сумен жабдықтау және су бұру құрылыс жұмыстарына 2017 жылға аудандық бюджеттен - 2000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 17 000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен- 171 699,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.
2018 жылы құрылыс жұмыстарына 158366,0 мың теңге қаржы республикалық бюджеттен және 15 800,0 мың теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, бүгінгі таңға облыстық бюджеттен - 6570,586 мың теңге, республикалық бюджеттен 158 366,0 мың теңге қаржы игеріліп, облыстық бюджеттен 9229,4 мың теңге қаржы үнемделді.
4,81 шақырым ауыз су желісі, 1,27 шақырым өздігінен ағатын кәріз жүйесі, 8,76 шақырым қысымды кәріз жүйесі тартылып, 2 дана КНС станцалары мен 1 дана КТПН-10/0,4 кВ трансформаторы орнатылды.
1 дана ДЭС (Дизельная электро станция) орнатылды және 0,277 км - ВЛ-10кВ электр желісі ,1,51 км - ВЛ-0,4кВ электр желісі монтаждалған. Нысан 2018 жылы 6 тамызда №33 қабылдау актісімен қабылданды.
2017 жылдың соңында Жаңақорған ауданы Екпінді, Қожамберді, Жаңарық ауылдарынан құрылысы басталған әкімдіктің бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 59 980 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 16704,755 мың теңге, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17628,856 мың теңге және Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17145,449 мың теңге қаржы толық игеріліп, Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 28.06.2018 жылы №23 қабылдау актісімен, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 28.06.2018жылғы №24 қабылдау актісімен, ал Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 29.06.2018 жылғы №25 қабылдау актісімен қабылданып, пайдалануға берілді.
Аудандық бюджеттен бөлінген 4 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жаңақорған кентінен салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға және жоюға арналған полигонның құрылысының жоба-сметалық құжатын жобалау жұмысы «Промстройпроект» ЖШС арқалы басталған болатын. Биылғы жылы аудандық бюджеттен жобалау жұмысына 10 893 мың теңге қаржы бөлінген, алайда жобалау жұмысына қажетті техникалық экономикалық құжаты болмағандықтан, сонымен қатар қатты қалдықтар тастайтын полигонның орнын ауыстыру мәселесіне байланысты,жоба-сметалық құжатын әзірлеу уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, Жаңақорған кентінің Саяжай аумағынан 600 орындық мектептің, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық мектептің, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге «Проммедконтракт» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 40152,8 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған төрт мектеп бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмысы бойынша бүгінгі күнге 34093,7 мың теңге қаржы игеріліп және жоғарыда аталған екі балабақшаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бойынша 13443,2 мың теңге қаржы игеріліп, барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Ал, Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына және шілде айынан бастап Бесарық ауылындағы 90 орындық балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 22 822,8 мың теңге қаржыға «Сыр Жоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жобалау жұмыстары жасалуда.
Қазіргі уақытта, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан салынатын «90 орындық балабақшаның құрылысы» бойынша 6 279,295 мың теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптаманың 21.08.2018 жылы №14-0140/18 қорытындысы алынды.
Ал, «Жаңақорған кенті Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның құрылысы» бойынша 5657,9 мың теңге қаржыға ЖСҚ әзірленіп, 1888,7 мың теңге қаржыға келісім жасалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Сонымен қатар, «Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге бөлінген 3468,6 мың теңге қаржы толық игеріліп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. Аталған жоба-сметалық құжаттарға 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынады деп жоспарланған.
2018 жылы Жаңақорған кентіндегі орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 4592 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 3360,0 мың теңге қаржы толық игеріліп, 1131,3 мың теңге қаржыға келісім шарт жасалып, жоба мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Өткен жылдың шілде айында Өзгент ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6505,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық сатып алу бөлімі арқылы жарияланған электронды сатып алу конкурсының жеңімпазы «Крез Сервис» ЖШС-мен тапсырыс беруші аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арасында 2 352,0 мың теңге қаржыға келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржысы толық игерілді.
Бүгінгі таңға, аудандық бюджеттің 1 136,4 мың теңге қаржысына мемлекеттік сараптамамен келісім шарт жасалып, Мемсарптаманың қарауына ұсынылды.
2018 жылы 16 сәуірде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жаңарық, Қаратөбе, Көктөбе, Сунақата, Төменарық елді мекендерінен мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салу» құрылыс монтаж жұмысына қажетті 73772,031 мың теңге қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінім берілді.
Бүгінгі күнге, Жаңақорған ауданының Жаңарық және Төменарық елді мекендерінен мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салуға облыстық бюджеттен 12678,1 мың теңге қаржы бөлініп, аталған мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салуға, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2018 жылдың 29 маусымында жарияланған электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Astana-Global-Metrology» ЖШС келісім шарт жасалды.
Жаңақорған ауданының Жаңарық елді мекенінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы жүргізілуде, қазіргі уақытта 397,9 мың теңге қаржы игерілген. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекенінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы орындалуда, 433,552 мың теңге қаржы игерілді.
08 қаңтар 2019 ж. 1 114 0