№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жыл: жоспар мен меже қандай?

2021 жыл: жоспар мен меже қандай?


Сыр өңіріндегі аграрлы саланың даму деңгейі қалыптасқан ауданның бірі Жаңақорған екені белгілі. Соған орай диқандар жыл сайын егіс көлемін ұлғайтып, мол өнім алуға тырысады. Яғни аудан тұрғындары жерден ризық-несібесін айырып, шағын шаруасын ширатып отыр. Көктем келді, енді диқандар егіс даласына аяңдайды. Жылдық жоспарын жүйелеп, жер жыртуды бастайды. Биылғы аудан диқандарының межесі қандай? Өнім өндірудегі үлесіміз қаншалықты болмақ? Осы сауалдарды зерделеп көрген болатынбыз.


Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының жетекші күшіне айналу керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және өнім экспортын 2,5 есеге арттыру. Президент осындай тапсырма жүктеді, әсіресе отандық өнімнің көлемін арттыруды тапсырды. Оған мемлекет тарапынан қолдау да аз емес. Яғни егіннің дәрі-дәрмегіне субсидия беріледі, кейбір астықтар шет елдерге экспортталады. Сондықтан жыл сайын дала еңбеккерлері егіс көлемін ұлғайтуға ниетті білдіруде.
Биыл аймақ бойынша 188,2 мың гектарға егін егу межеленуде. Соның 84,4 мың гектарына күріш орналастырылса, қалғанына дәндi, майлы, мал азықтық, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары егіледі. Қазір қажетті тұқым толығымен дайын. Тыңайтқыштан да мәселе болмайды. Ауыл шаруашылық техникасының 83 пайызы жөндеуден өткізілді. Бұл туралы жауапты мамандар хабардар етті. Ал біздегі жоспар жүйелі ме? Осыны тарқатып көрейік.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінен көктемгі егіске дайындықтың барысын білдік. Аудан бойынша егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген. Жоспар бойынша 36108 гектарға егіс егіледі. 781 шаруашылық құрылымның 485-і егін шаруашылығына бейімделсе, оның 200-і күріш дақылын егеді.
– 2021 жылы 12840 гектар жерге дән тастау межеленуде. Майлы дақылдар – 2037 гектар, мал азығы дақылдары – 18181 гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 3050 гектарға жетті. Ал негізгі өнім күріштің көлемі биыл 7300 гектарды құрайды. Күздік бидайдың көлемі 4590 гектарға ұлғайды. Сол секілді жаздық бидай, ескі және жаңа жоңышқа, арпа, жүгері мен тарының межесі айқын, – деді ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономы Даурен Абибуллаев.
Биыл күріштен басқа дақылдарға басымдық берілу жоспары осылай жүйеленуде. Әсіресе мал азығының өтімі жақсы, өзге өңірлерден келген сұраныс жыл сайын арта түсуде. Сондықтан диқандар биыл межелі жоспардан шығуға жұмыс жасайтын болады. Мақсарының да көлемі 2000 гектарға жетті. Оның да өнімі шығынды ақтайды. Уақытысында облыстың «Үздік мақсары өсіруші» номинациясына ие болған «Тату» шаруа қожалығының төрағасы Бағлан Баркенов:
– Биыл әртараптандыруға басымдық беріліпті, мақсары көлемінің артуы көңіл қуантты. 2019 жылы 150 гектардан 327 тонна мақсар жинадым, сондықтан аймақ бойынша мақсары өсірушілердің ішінде озат атандым. Мүмкіндік болса биыл егіс көлемін ұлғайту ниеттемін. Шығымы мен өнімі жақсы, – деді шаруа адамы.
Жаңақорған ауданы мал шаруасына көші ілгері екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан аудан жыл сайын озат болып келеді. Биыл осы межеден шығып, ауылшаруашылығы саласы бойынша Сыр өңірінде «Үздік аудан» атануға жұмыс жасау маңызды. Бұл ауданның еңбекші қауымының қолынан келеді. Қалғаны уақыт көшіндегі шаруа.

Әлібек ТЕМІРБЕК
02 наурыз 2021 ж. 728 0