№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байтақ даланың берекесі неде?

Байтақ даланың берекесі неде?



Бір өкініштісі, бүгін байырғы берекемізге бекем бола алмай жүрген секілдіміз. Кейбір ел ағаларының ісіне қарап қарның ашады. Кезінде мемлекеттік қызметте жүріп, шашасына шаң жұқтырмай, «ләппай тақсыр» деп жүрген көкеміз зейнетке шыққан шағында бүлікшілікке құмартып жүр. Екі азаматты жауластырып, ел мен елді дауластыруды әдетке айналдырып алды. Әрине, кем-кетіксіз қоғам болмайды. Оны айтар жерде салиқалы байыппен айта білу де қариялықтың белгісі.  Сөзінен шындық пен әділдіктің лебі есіп тұрса, неге қолдамасқа?! Алайда жатып алып дау соққыш, аңқау елге арамза болған молда секілді елдің ымырасын бұзуға оқталған қараниеттілік ешқандай абырой әпермесі анық.
Даналық жолымызға үңілсек, «ішкен құдығыңа түкірме» демей ме? Қаншама жыл бірге еңбек етіп, қуаныш пен қайғыда ортақ болған жақын әріптестерін жерге жығатын, түймедей қателігін түйедей ететін, сыртта жүріп ғайбат сөйлейтін жандарға да не деуге болады. Кейінгі жастарға үлгі болудың орнына еңсесін басып, бетін қайтару да белең алды. Қартайған шақта тәубешілік басым бола ма десек, табалау басым тұрғаны қалай?
Жиын-тойда үлкендер қандай ғибратты әңгіме бастайды деп құлақ түріп отыратынымыз рас. Қазіргі қызы­мыр шалдардың әңгімесін тыңдауға бет шыда­майды-ау. Қандай гәп соғатынын айтпасам да ұққан боларсыз. Тілім жазықты болмасын, тәлім-тәрбие мүлде қозғалмайды. Ондай ортада не береке болсын? Әкім-қараны жағалап, мәймөңкелеп «атақ-данқ» дәметіп жүрген де солар. Кеудесінде самсаған медалі болғанымен, көкірегін кір басса, ондай жанның халық алдында беделі бір тиын.
Меніңше, халықтың алғысынан асқан атақ та, абырой да болған емес.
Бос сөзге үйір, заржақтық та қариялыққа жат. Қазақтың дана Абайы алпыс жасты көрмей өмірден озды. Ойшыл ақын «Қартайдық, қайғы ойла­дық, ұлғайды арман» деп мұңмен, уайыммен өмірден өтті. Жас баланың лақап аты неге «Шал ақын» деп аталды? Түбін қазбаласақ, қариялық — қоғам діңгегі екенін ұғамыз. Әдемі қартаюдың жалғыз жолы — қарттыққа өзіңді дай­ындау. Сөзінде иман, көзінде шындық, көкірегінде намысы бар жандар қарттыққа көндігіп, байсалдылығын жоғалтпайды. Ұрпағының алдында мінін білдірмей, жақтан жаңылмауға бекінеді.
«Жақсы адам қартайса, жазып қойған хаттай. Жаман адам қартайса, бықсып жанған оттай». Ұйыған айрандай ел берекесін ұйыстырып, парасаттылықтың парқын білгендер халықты ілгері іске бастайды. Сонысымен де елге құрметі ерек. Жан тазалығы мен имандығы берік жандар сабырлы қалыптан танбай, ар-ожданын үкілейді. Әр жерде бір бықсығанша, байтақ елдің байырғы берекесіне бекем болсақ игі.Қай дәуірді алып қарасақ та, қазақ — үлкендерден өнеге алып, соларға ұқсап бағады. Міне, үлкенді әрдайым сыйлап, ақ батасын алуға асығып тұратынымыз содан. Өкініштісі, осындай дәрежеде өзін ұстай алмайтын, қадірі мен қасиеті қашқан «боқтампаздар» да бар. Ондайды ұрпақ қалай сыйласын? Біз, жастар, аға буыннан сөз естімес үшін, бойымызды тік ұстап, бейпіл сөйлемейтін едік. Бұл ғасырлар бойы қанға сіңген қасиет.
Бір өкініштісі, бүгін байырғы берекемізге бекем бола алмай жүрген секілдіміз. Кейбір ел ағаларының ісіне қарап қарның ашады. Кезінде мемлекеттік қызметте жүріп, шашасына шаң жұқтырмай, «ләппай тақсыр» деп жүрген көкеміз зейнетке шыққан шағында бүлікшілікке құмартып жүр. Екі азаматты жауластырып, ел мен елді дауластыруды әдетке айналдырып алды. Әрине, кем-кетіксіз қоғам болмайды. Оны айтар жерде салиқалы байыппен айта білу де қариялықтың белгісі.  Сөзінен шындық пен әділдіктің лебі есіп тұрса, неге қолдамасқа?! Алайда жатып алып дау соққыш, аңқау елге арамза болған молда секілді елдің ымырасын бұзуға оқталған қараниеттілік ешқандай абырой әпермесі анық.
Даналық жолымызға үңілсек, «ішкен құдығыңа түкірме» демей ме? Қаншама жыл бірге еңбек етіп, қуаныш пен қайғыда ортақ болған жақын әріптестерін жерге жығатын, түймедей қателігін түйедей ететін, сыртта жүріп ғайбат сөйлейтін жандарға да не деуге болады. Кейінгі жастарға үлгі болудың орнына еңсесін басып, бетін қайтару да белең алды. Қартайған шақта тәубешілік басым бола ма десек, табалау басым тұрғаны қалай?
Жиын-тойда үлкендер қандай ғибратты әңгіме бастайды деп құлақ түріп отыратынымыз рас. Қазіргі қызы­мыр шалдардың әңгімесін тыңдауға бет шыда­майды-ау. Қандай гәп соғатынын айтпасам да ұққан боларсыз. Тілім жазықты болмасын, тәлім-тәрбие мүлде қозғалмайды. Ондай ортада не береке болсын? Әкім-қараны жағалап, мәймөңкелеп «атақ-данқ» дәметіп жүрген де солар. Кеудесінде самсаған медалі болғанымен, көкірегін кір басса, ондай жанның халық алдында беделі бір тиын.
Меніңше, халықтың алғысынан асқан атақ та, абырой да болған емес.
Бос сөзге үйір, заржақтық та қариялыққа жат. Қазақтың дана Абайы алпыс жасты көрмей өмірден озды. Ойшыл ақын «Қартайдық, қайғы ойла­дық, ұлғайды арман» деп мұңмен, уайыммен өмірден өтті. Жас баланың лақап аты неге «Шал ақын» деп аталды? Түбін қазбаласақ, қариялық — қоғам діңгегі екенін ұғамыз. Әдемі қартаюдың жалғыз жолы — қарттыққа өзіңді дай­ындау. Сөзінде иман, көзінде шындық, көкірегінде намысы бар жандар қарттыққа көндігіп, байсалдылығын жоғалтпайды. Ұрпағының алдында мінін білдірмей, жақтан жаңылмауға бекінеді.
«Жақсы адам қартайса, жазып қойған хаттай. Жаман адам қартайса, бықсып жанған оттай». Ұйыған айрандай ел берекесін ұйыстырып, парасаттылықтың парқын білгендер халықты ілгері іске бастайды. Сонысымен де елге құрметі ерек. Жан тазалығы мен имандығы берік жандар сабырлы қалыптан танбай, ар-ожданын үкілейді. Әр жерде бір бықсығанша, байтақ елдің байырғы берекесіне бекем болсақ игі.
27 ақпан 2021 ж. 495 0