Ел пікірі – екшейді
«Бірлесіп пішкен тон келте болмас». Халқымыздың өмір сүру үрдісіне үңілсек, ежелден-ақ ел ісіне белсенді араласу мен қоғамдық пікірді ашық айтудың үлгісін тануға болады. Осындай дәстүрлі үрдіс бүгінге дейін өз өміршеңдігін жоғалтпай, қоғамның қозғаушы күшіне айналып келеді. Мұны Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің мәжіліс залында қоғам белсенділері мен ел ағаларымен өткен басқосудан аңғардық.Қоғам белсенділері басқосқан алқалы жиында аудандағы өзекті мәселер қозғалып, қоғамдық пікірлер тыңдалды. Қоршаған ортаны таза ұстау, таибағатты аялау, мемлекет мүлкін қадірлеу, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету, алаяқтыққа жол бермеу секілді өзекті мәселелер турасында ойлар ашық айтылды.
–Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қоғамдық белсенділікті арттырудың маңызы жайында айтылды. Саяси жүйені жаңартып, ашықтық пен жариялыққа басымдылық берілуде. Тәуелсіздігімізді сақтап, қоғамның дамуына әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс, – деп бастады жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Ауданда ел тағдырына қатысты істерге өз үнін жеткізіп, туған жерге деген азаматтық парызын айрықша жанашырлықпен жеткізіп жүрген азаматтардың қарасы жетерлік. Осындай асыл ағалар қатарында Алшынбай Тұртанов, Серғожа Ыдырысов, Тасболат Төребаев, Ізәтілла Нәрзілдаев, Серік Мұсабай, Мұзарап Махмудов, Қоғамбек Бейсенбаев, Дина Ахметова, Әзия Қыстаубаева, Күләнда Әбілтанова, Баян Үсейінова және т.б. тұлғалардың қоғамдағы белсенділігі жоғары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында өрбіген жиында ел ағасы Мұзарап Махмудов: «Ақпарат құралдарында түрлі жағымсыз жағдайлардың ашық жариялануы кері әсерін тигізеді.
Ақпараттық ресурстық атыс-шабыс, зорлық-қорлықты насихаттаудың орнына ұлттық салт-дәстүрмен үйлесетін тағылымды ақпараттарды таратқаны игі, – деген ойын жеткізді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының басшысы Ізәтілла Нәрзілдаев қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыруды сөз етті. Әрбір ұйымның жұмысы жайлы ақпараттандыру үшін жергілікті басылымда бір-бір бет ашу жөнінде ұсынысын жеткізді.
Түптеп келгенде, қоғам жанашырларының айтар ойы бір.
Ол елді жайлаған сыбайластық жемқорлыққа тосқауыл қою, әлеуметтік сауаттылықты арттыру, рушылдыққа жол бермеу.
Мақпал МАРҚАБАЙ