№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқаев мәжіліс сайлауы күнін белгіледі

Тоқаев мәжіліс сайлауы күнін белгіледі



Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Сәрсенбі күні Ақорда сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
Тоқаевтың сайлау жайлы үндеуінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны да айтылған.
"Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды" делінген хабарламада.
Қазақстан заңнамасы бойынша, парламент сайлауы мәжіліс депутаттары өкілетінің аяқталуына кемінде бес ай қалғанда тағайындалып, кемінде екі ай қалғанда өтуі тиіс.
Тоқаев сәрсенбі күнгі үндеуінде биыл сайлау, саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізілгенін меңзеп, "саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар" қабылданды деп атап өткен. Алайда тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділері бұл заңдарды "көз алдау, бұрынғы шектеулер сақталды" деп бағалаған еді.
Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індетіне байланысты сайлау онлайн өтуі мүмкін деп мәлімдеген едіАл онлайн дауыс беруге қарсы бірқатар қоғам белсенділері петиция жариялап, президенттен оған тыйым салуды сұраған. Олардың пікірінше, Қазақстан онлайн дауыс беруге техникалық жағынан да, заңдық жағынан да дайын емес.
Қазақстанда соңғы рет мәжіліс сайлауы 2016 жылы 20 наурызда өткен. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і - партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.





21 қазан 2020 ж. 701 0