№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» "Әйел – қоғам тірегі" іскер әйелдер форумы өтті

"Әйел – қоғам тірегі" іскер әйелдер форумы өтті

Аудан әкімінің мәжіліс залында аудандағы белсенді әйелдер басқосып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен «Әйел - қоғам тірегі» атты іскер әйелдер форумына тікелей эфирмен қосылып, пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында еліміздің, Сыр өңірінің өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген белсенді, іскер, кәсіпкер әйел - аналармен, қыз - келіншектермен онлайн форматта өрбіген кездесуде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бір қатар белсенді кәсіпкер аналардың тіршілігін үлгі етті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Әйелдер Тәуелсіздік жылдарының бәрінде менің ең сенімді тірегім болды» деген сөзі бар. Расында, әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, ел дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік - экономикалық және рухани - мәдени салада табысты еңбек етіп жүр.
Жалпы бюджеттік саланың 60 пайызы, аймақтағы 54157 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 22 мыңдайы әйелдер екен. Кездесу барысында Маңғыстау, Ақмола облысының және біздің кәсіпкер әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында кездесуімізге онлайн қатысқан республикалық Іскер әйелдер Ассоциациясының президенті Раушан Сәрсембаева, маңғыстаулық Юлия Халиева, ақмолалық Раушан Қожановаға және өңіріміздегі бірқатар белсенді қыз - келіншектердің пікірі тыңдалды.
Шара соңында бірқатар аналар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды, соның қатарында Жаңақорғандық кәсіпкер Баян Божбанбаева да бар.
Елге елеулі аналар қатарында Әсем Тілеубергенова, Рысжан Төлепбергенова, Азия Қыстаубаевалар қыз тәрбиесі ана өнегесі жайында сөз қозғады.

Жаңақорған ауданы әкімдігі
---
10 желтоқсан 2020 ж. 725 0