№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ардагерлер кеңесі: төраға орынбасары тағайындалды

Ардагерлер кеңесі: төраға орынбасары тағайындалды

Жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің пленум отырысы кезінде бірнеше мәселе қарастырылған болатын. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданының «Құрметті ардагері» атағын белгілеу туралы ережесін бекіту, ұсынылған азаматтарды дауысқа қою және ардагерлер кеңесінің алқа құрамы мен Пленум мүшелеріне ішінара өзгерістер жасау мәселесі де қаралды. Отырыс барысында пленум мүшелері кент азаматы, қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Пахмаддин Айнақожаевтың кандидатурасын аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарлығына бекітуге бірауыздан шешім қабылдаған еді.
Соған орай «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығында ардагерлер кеңесінің жиыны өтіп, онда кеңес төрағасы Өмірсерік Тақырбасов бастаған елге еңбегі сіңген ардагерлер қауымы қатысып, Кеңес төрағасы орынбасары қызметіне тағайындалған тұлғаға жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Пахмаддин ағамыздың өмір жолына зер салсақ ол төл басылымымыз – «Жаңақорған тынысында» тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарды. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек етіп, аудан әлеуетін арттыруда қажырлы қызмет ете білген жан. Ұрпақ тәрбиесінде жастарға өнеге көрсетіп, олардың бойына ізгі құндылықтар қалыптастыруда үлгі болып келеді. Сондықтан, осындай асыл қасиеттермен әлі де өскелең ұрпақты тәрбиелеп, танымын арттырып, аудан әлеуетін өрістеуіне сүбелі үлес қосады деген сеніммен төраға орынбасары қызметіне тағайындалды.
Айта кету керек, бүгінде ардагерлер кеңесі қоғамдағы орнын айшықтап, жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, ауданның келбетін көркейтуге ықпал жасап келеді. Сол себепті ардагерлер кеңесінің алқа құрамы да кеңейіп келеді. Ең бастысы, алдыңғы аға буынның бағыты кейінгі жастарға таңба басқандай сара жол болмақ.
Әли ТЕМІРБЕК.
04 тамыз 2018 ж. 1 397 0