Құс та қамқорлықты сүйеді
Талғат Тұрғанбекұлы шағын кәсіптің шырайын кіргізіп отырған қарапайым шаруа адамы. Бала кезінен құстарды бағуға икем танытып, сол қызығушылығын бүгінде кәсіп көзіне айналдырып отыр. Жүзге жуық құсты асырап, халықтың керегіне жаратып отырған кент тұрғынының табысты ісімен танысып қайттық.
Ол 30 жылдан бері үйрек, сезарка, бөдене, ламанбраун, амрокс сынды құстарды өсіріп, оны көбейтедудің жолын меңгерген маман. Құс десе менің де елең ете қалатыным бар. Уақыт оздырмай кейіпкеріміздің үйіне де келдік. Үй ауласына кіре берісінен-ақ, ертегі әлеміне кіріп кеткендей әсер алдым. Құдды бір құстардың мекені дерсіз. Кейде теледидардан көргенім болса, көзбе көз көрмеген құс атаулының біразы бар екен. Ауланың бір бұрышына арнайы бірнеше бөлікке бөлінген үлкен тормен қоршалған тауық кепені көзім шалды. Әлгі тор қоршаудың іші толған құс.
– Сіз сияқты құстарға қызыға қарайтындар жетерлік. Мына құстар бірінен-бірі өтіп қиқулап, дауыс шығарып жатқаны, мен жаңа ғана жем беріп, су беріп келе жатырмын. Біле білсеңіз, құстың дыбыс шығарып сайрауы баптаушысына байланысты. Егер құстардың да қарны аш, жайы болмаса олар бұлай дауыс шығармайды, – деп әңгіме бастады кәсіпкер.
Қазір Жаңақорғанда құс саудасы қызып тұр. Әсіресе, тауық өсіру ісі шынында берекелі бизнеске айналды. Әр сенбі сайын кентте құс базары қызмет істеп тұрғаны мәлім. Тіпті әлеуметтік желі арқылы да табыс тауып, кәсібін дөңгелетіп отырғандарды да білеміз. Талғат Тұрғанбекұлы солардың бірі.
– Ауданда әлеуметтік желі арқылы бірінші болып мен парақша аштым. Егер парақшамды ашып қараған болсаңыз білесіз ғой, кәдімгі қайнаған базар ортасы десем қателеспеймін. Үйде отырып-ақ күнделікті бір-бірімізбен пікір алмасып, өз тәжірибелерімізбен бөлісіп, керегімізді сұрап, қалағанымызды тауып аламыз.
– Құстарды табыс көзіне айналдыруға бола ма?
– Меніңше қандай іс болмасын шынайы ниетпен істесең, қай істе болмасын мол табысқа кенелуге болады. Есіктің алдында шағын дүкенім бар, он жылдан бері құстың етін, жұмыртқасын сонда саудаға шығарып отырамын. Тұрғылықты жұрт жақсы біледі. Ауруханаға, емге іздегендер келіп алып кетеді, бағасы да қолжетімді. Қыс мезгілінде аздап бағасы түсіп кететіні бар. Тауық – 2500 мың теңге, адлер, кушинский, амрокс деген пародный құстар – 4500-5000 мың теңгеден саудалануда. Ал, үйрек – 3000 мың теңге, қаз – 5000 мың теңге, сезарка – 3000 мың теңге, бөдене – 700 теңгеден басталады. Тауық жұмыртқасына сұраныс өте жоғары.
– Бізде қандай құстар сұраныста?
– Павьлин деген құс біздің өңірде жоқтың қасы. Себебі, бағасы қымбаттау, қалтаға әжептәуір салмақ салады. Менің ендігі мақсатым, көктем айында осы павьлиндерді көбейтуге көздеп отырмын. Ертеректе мекен мен қоразды ғана асырап, жұмыртқасын жегенге мәз болатын. Кейінгі кездері құс шаруашылығы кәдімгідей жолға қойылып келеді. Тіпті, бөдене, сезарка дегендерді жиі көретін болдық.
– «Мал баққанға бітеді» демекші, құстарға да күтім керек шығар?
– Бастапқыда тауық, қоразды ғана асырағаннан болар аса күтімді қажет етпейтін. Әйтеуір азанда бидайын сеуіп, суын құйып қана жүретінмін. Сөйтсем, құстың түріне қарай, оның күтімі де өзгеше болады екен. Әр жаратылыстың өзіндік ерекшелігі бар, сол себепті де, арнайы уақытымды бөліп, өзімнен бұрын құстарды тамақтандырып, астарын дембіл-дембіл тазартып, құрғатып отырамын. Тағы айта кетейін, аптасына 2-3 рет ұшырып, бой жаздырып тұру керек. Таңертеңнен кешке дейін торда қамап ұстауға болмайды. Құстардың миы үш жасар баланың миымен бірдей жұмыс істейді. Қандай құс болмасын желде, ызғарда қалып қалмауын қадағалау керек. Салқын болмай екен деп, күннің астына ұзақ қойып қоюға да болмайды. Күн сәулесі көп түссе де зиян. Күндізгі сағат 10 мен 11-дің арасында күнге шығарып, жақсылап жайып алса жеткілікті. Одан бөлек тырнағы мен тұмсығын да егеп отырамын. Егер өсіп кетсе, құстың мазасы қашады.
Міне, Талғат Тұрғанбекұлының тіршілік тұрмысы осындай. Кейіпкерімізге қарап экзотикалық құстардың бізге жат емес екенін аңғардық.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ