№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құстар және адам

Құстар және адам




   Құстар адам баласымен ес білмес ескі заманнан бері тағдырлас. Құстар - ежелден бері адам баласының әрлі-берлі тарихында өз орны бар қасиетті жаратылыс. Ыбырайым пайғамбар Құдайдан адамдарды қияметте қалай тірілтетінін сұрағанда Алла тағала оған құстарды пайдалану арқылы жауап берген болатын (Бақара сүресі, 260). Иса пайғамбар болса балшықтан құстың мүсінін жасап, оған "үф" деп үрлегенінде құс-мүсінге жан бітіп ұша жөнелетін. Осылайша Иса пайғамбар Ысырайыл ұрпақтарына Құдай тағаланың құдіретін паш еткен-ді (Әли-Имран, 49; Мәида, 110). Сүлеймен пайғамбар да құстардың тілін білуші еді (Нәмл, 16). Қағбаны қиратам деп билігі мен мансабына мастанған Әбраха залымның әскерін Құдай тағала Әбәбил құстары арқылы күл - талқанын шығарған болатын (Піл сүресі). Сонымен қатар Құранда құстардың Жаратушының есімін зікір етіп, атын ұлықтайтыны жайлы да айтылады (Нұр, 41) және Алла тағала Құранның бірнеше жерінде өзінің шеберлігі мен құдіретіне адамдардың ой жүгіртулері үшін құстардың қалай ұшатындығын, қандай керемет жаратылыс екенін мысал келтірген (Мүлік, 19; Нахл 79). 
   Бұрындары құстар мен адамдар бірге ашық аспан аясында өмір сүретін. Адамдар мен құстар дос әрі тағдырлас еді. Сондықтан адамдар Құдайдың құдіретін құстарға қарап-ақ тани беретін. Кісі сүйіктісіне, анасы ұлына жазған хатын құстар жеткізіп тұратын. Азияда Сүгір күйші "Аққу" деген күй шығарса, Чайковскийдің "Лебединое озеросы" Еуропаның төрінде қойылып жатты... Ал қазір биік - биік үйлер мен қаланың ызы-шулы өмірі адам мен құстар арасындағы достыққа сызат тусіргендей. Бұл екі нәзік жаратылыстың достығы тек кітаптардың беттерінде ғана жасырынып қалғандай. Дегенмен екі дос бірін - бірі түбегейлі жоғалтып алмапты. Екеуінің махаббат оты әлі өшпепті. Құстарға жем беріп сауап жинайтын адамдар, адамдарға рақмет айтып, дұға қылатын құстар әлі де бар екен... Құстар мен адамдар арасындағы махаббат мәңгілік болғай!


материал: Roman Burkashтың фейсбук парақшасынан
06 наурыз 2019 ж. 1 975 0