Ауласында алуан түрлі құстар сайрайды

- «Алдағы уақытта тағы да бөдене, тауыс, қаз ұстағым келеді. Түпкі мақсатым - осы ауылдағы балаларға шағын зоопарк ретінде құс түрлерін көрсетіп,табиғатты аялауға баулымақпын. Қазір өз инкубаторымда 100 жұмыртқа бастырып жатырмын. Елбасының Астана маңындағы «Жасыл аймақ» белдеуін өсіріп, оған тікелей өзі басшылық жасап, жылда қырғауыл, елік жіберіп жүргенін үлгі тұтамын. Осы қарт Қаратаудың баурайында Ақүйік өзенінің бойындағы талдардың ішіне қырғауыл, цицарко тауығын жібермек ойдамын. Үкімет тарапынан қаржылық қолдау болса, шағын құстардың зоопаркін жасамақпын», - дейді Ержан Исаханов.
Ескендір Ертай.



