№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екпіндінің екпіні

Екпіндінің екпіні


Ауылдың гүлденуі – елдің гүлде­нуі. Сондықтан, басым бағыттағы бағдарламалар ауыл халқының еңсе тіктеуіне бағытталатыны түсінікті. Былтыр елді мекенде атқарылған жұмыстың ауқымы кең. Аудан әкімі есепті кездесуінде ұсыныстардың тарқатылу жолын жіктеп, жүйелеп берді.

Екпінді ауылдық округінен үш ұсыныс көтерілген-ді. Бұл ұсыныстар бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Үшеуі де тұрғындардың тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Атап айтсақ, ауылға кіреберіс көпірді жөндеп, астындағы қашыртқыны тазалап беру жөніндегі ұсыныс еді. Бұл бойынша «Самара-Шымкент-Екпінді» аудандық маңыздағы автомобиль жолындағы көпірді реконструкциялау» жобасына смета­лық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Жоба құны – 119 млн 969 мың теңге. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылған.
– Елді мекенге кіреберістегі көпірлер өткен жылдан бастап қаржыландырылып жатқан «Жұмыс­пен қамту жол картасы», «Ауыл ел – бесігі» мемлекеттік бағдарламалар тізіміне енгізіліп, жоғары тұрған бюджеттерден қаржы тарту жұмыс­тары жүргізілуде. Облыс әкімі де келіп көрді. Егер қаржы аударылса оң шешімі табылады. Сондай-ақ, көпірдің астындағы К-3 қашыртқысы Шиелі ауданының теңгерімінде. Дегенмен осы сұрақ аясында К-3 қашыртқысының ауданымыздағы бө­лі­гін тазарту мақсатында іздестіру-жоба­лау жұмыстары жүргізіліп, жер жұмысының көлемі анықталып, «ҚазСушар» Республикалық Мемле­кеттік Кәсіпорнының Қызылорда филиалына К-3 қашыртқысын тазарту үшін ақау Актісі жолданып, жоспарға енгізілді. Кәсіпорынның жоспарына байланысты тазалау жұмысы жүргі­зілетін болады, – деді аудан басшысы.
Ауылдағы тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру және қосымша трансформатор қою жөнінде жұмыстары жүргізіледі. Енді көтерілген ұсыныстардан бөлек, өткен жылдың соңында аудандық бюджеттен Алмасбаев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар орнатуға 904 мың теңге қаралған.
Аудан бюджетінен 2020 жылға 30,7 млн. қаржы бөлініп «Сунақата, Еңбек, Екпінді, Төменарық елді мекендеріндегі сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту объектісі» бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Дайындалған құжаттар негізінде жоғары тұрған бюджеттерден құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы сұралатын ескертті.
2021 жылы қандай жұмыстар атқарылады. Аудандық бюджеттен тренажерлік (жаттығу) ойын алаңдарын орнатуға 5 млн. теңге, балалар ойын алаңына 1,1 млн теңге, елді мекенге аялдама салып, көшеге тас төсеуге 2,7 млн теңге қаралған. Облыстық бюджет арқылы «Ақбастау» каналына секундына 500 литр су айдайтын 1 дана дизельді насос қондырғысын сатып алуға 9,6 млн теңге қаралған.
Дегенмен шешімін таппай тұрған мәселе де жетерлік. Оны ауылдың тұрғыны Боранбай Нағашбек айтты. Ол ауылға кіре берістегі көпірдің апаттық жағдайда тұрғанын тағы да естіртіп, су қашыртқының 30 жылдан бері қайта қазылмағанын алға тартты.
Біріншісі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды болса, екіншісі, күріштен мол өнім жинаудың тетігі екені даусыз. Тұрғынның сауалына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев жауап берді. Яғни ау­дандық маңыздағы көпірдің жөндеу жұмыстары жөніндегі жобасын аудандық бюджетке ұсынып отыр­ғанын айтты.
Екпінді ауылының екпіні осындай істермен көрінді, биылғы меже айқын, енді межелі орындалса болды.
03 ақпан 2021 ж. 440 0