№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Төменарықта ауқымды жобалар басталды

Төменарықта ауқымды жобалар басталды


Жаңақорған кентінен батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан Төменарық ауылдық округі бергі тарихында ауылдық кеңес болып іргесі 1929 жылы қаланды. 1978-1996 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Алмалы» кеңшарының орталығы болған. Жалпы, ауылдық округ 1993 жылы құрылды. Бүгінде аудандағы ең ірі ауылдың бірі. Халық саны 5 000-ға жуықтайды. Өзге ауылдардан ерекшелігі түрлі этнос өкілдерінің көп шоғырланып, тату-тәтті тіршілігімен дараланады. Округте атқарылған жұмыстар аз емес. 2020 жылы ауыл тұрғындары көтерген мәселелер шешімін тапты ма? Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы халық алдында берген есебінен осы сауалдарға жуап іздедік.
Төменарық ауылдық округінен 2 ұсыныс көтерілген. Оның біріншісі, 1952 жылы салынған ескі аурухана ғимаратын жаңадан салу жөніндегі ұсыныс болатын. Кешегі пандемияның кезінде аталған аурухана 20 орындық провизорлық орталықтың қызметін атқарды. Қазіргі уақытта созылмалы сырқаттары бар диспансерлік есептегі науқастарды жоспарлы түрде қабылдауға арналған 10 төсектік аудандық аурухана бөлімшесі ретінде жұмыс жасап тұр.
– Ауданаралық аурухананың бөлім­шесі саналатын Төменарық ауылдық ауруханасы ғимаратының тозығы жетуіне байланысты халық саны 10 мыңға жетпесе де тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында Төмен­арық елді мекенінен 15 төсектік ауруханасымен бірге қамтылған дәрігерлік амбулатория кешенді ғимаратын салу жоспарға енгізілген. Алайда қаржы көздерінің шешілмеуінен тоқтап тұр. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген. 2025 жылға дейін салу жоспарланды, – деді аудан әкімі.
Екіншісі, елді мекенге газ кіргізу жөніндегі ұсыныс болатын. Биылғы жылғы бекітілген аудандық бюджеттен 4 елді мекенге газ тарту үшін жоба дайындап, сараптамадан өткізу үшін Жайылма, Кейден, Шалқия мен Құттықожаға – 51,1 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта бюджетті нақтылау барысында 5 елді мекенге газ тарту үшін жоба дайындап, сараптамадан өткізуге қаржы бөлінеді. Соның ішінде Төменарық елді мекені бар. Бұл туралы аудан басшысы нақты жауап берді.
Төменарық елді мекеніндегі 12 көшеге күнен қуат алатын көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілген. 2021 жылы аудандық бюджеттен 2 тренажер (жаттығу) алаңдарын орнатуға – 9,8 млн, көркейту, көгалдандыру үшін – 11,8 млн теңге қаржы берілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл ел-бесігі» бағдарламалары бойынша 2020 жылдан бастап Төменарық елді мекеніндегі 25 көшені жөндеу жұмыстарына республикалық бюджетке 2019 жылы ұсынылған. Алайда 2019-2020 жылы қолдау табылмаған. Биылғы жылға жаба сметалық құжаттардың мерзімі жарамай қалатындығын ескеріп, тіректі елді мекендер тізбесіне енгенін айтып қайта ұсынылған.
– Аталған жоба «Ауыл – ел бесігі» аясында 2021 жылдың республикалық, облыстық бюджеттерінен 281,2 млн. теңге қолдау тауып тұр. (253,1 РБ, 28,1 ОБ)Аталған қаржы келіп жатса, Төменарық елді мекенінде 25 көше жөнделетін болады. Сондай-ақ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы «Левая ветка» каналына секундына 500 литр су айдайтын 1 дана дизельді насос қондырғысын сатып алуға 9,6 млн. теңге қаралды, – деп аудан әкімі алдағы межені көрсетті.
Түпкі тарихы тереңде жатқан Төменарықтағы тындырымды тірліктер бар екенін білдік, бірақ әлі де атқарылар жұмыстың ауқымы кең. Ең бастысы, тұрғындар тілеуі ескерусіз қалмағаны абзал. Осыны басты назарға алған Рүслан Рүстемұлы барлық ауылдық округ әкімдеріне нақты талап қойды. Ауыл әкімі шеше алатын мәселелерді уақыт оздырмай қолға алу керектігін ескертті.
---
03 ақпан 2021 ж. 544 0