№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайылма жайлы мекен

Жайылма жайлы мекен


Қарбызы брендке айналған Жайылмада атқарылған жұмыс жетерлік. Мал және егін шаруасына бейім ауылдағы тіршілік тұрақты. Жер Анадан ырзық несібесін айырып, қорадағы төрт түлігін баптап отырған ауыл жұртының да заманға сай сұранысы бар. Ел мүддесі жолында жолдаған сауалын қоймаққа №195 мектеп-лицейінің АКТ залына жиналған тұрғындар аудан әкімінің есеп беруін тікелей эфирде көрді.

Сөз тізгінін Жайылма ауылының өзекті мәселелеріне бұрған аудан әкімі Руслан Рүстемов егінші қауымның еселі еңбегін айтып өтті. Халықтың қам-қарекетін білмекке 2020 жылдың қыркүйек және қазан айында арнайы ат басын бұрғанында 2 ұсыныс көтерілген еді. Аудан басшысы қос мәселені шешудегі бастамаларды тізбектеді. Бұған дейінгі талай кездесулерде үнемі айтылып жүрген ұсыныстар. Екеуі де орынды ұсыныс. Екеуінің де жоба-сметалық құжаттары дайындалып, жоба құны анықталған. Осы уақытқа дейін мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салынатын болып келген-ді. Алайда аталған бағдарлама басымдықтан алынып тасталды. Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов:
– Біз қарап отырған жоқпыз. Биылғы жылға «Ауыл ел – бесігі», Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламалары аясында жоғарғы бюджеттерден қаржы тарту үшін Өзгент пен Жайылма ауылдық округтеріндегі клуб үйінің құрылысын ұсынып жатырмыз, – деді әкім.
Тарқатар болсақ, балабақша құрылысын салуға республика көлемінде басымдықтан алынып тасталған. Оның үстіне, биылғы жылдан бастап басқару органы облыстық білім басқармасы болып бекітілді. Алайда білім басқармасы арқылы ұсыныстар берілетін болады. Ал, жеке кәсіпкер заманға лайықтап балабақша ашатын болса, оған мемлекеттік тапсырыспен баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етуге болады.
Жайылмада егінші қауымға айтарлықтай қамқорлық бар. Мұны жүйелі жұмыстан аңғаруға болады. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Жайылма елді мекенінің жоғарғы жағындағы Жиделі су қоймасын реконструкциялау, жаң­ғырту жұмыстарына респуб­ликалық бюджеттен 450 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Оған қоса, өткен жылы басталған 7 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Жайылма» авто­мобиль жолының қалған 3 шақы­рымын аяқтауға облыстық бюджеттен 85,6 млн теңге бөлінді.
Қос ұсыныстан бөлек, өткен жылы С.Бөкеев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарықшамдар қойылды. Ауылға 2021 жылы аудандық бюджеттен тренажер алаңын орнатуға 5 млн теңге, көркейту, абаттандыру жұмыстарына 5,6 млн теңге қаралды. Сонымен бірге Жайылма елді мекеніне ауыл ішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салуға жоба сметалық құжат дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 16,7 млн теңге қаралды. Мұны аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаевта растады.
Бөлім басшысының мәліметінше, Жайылма елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжат әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4,5 млн теңге қаралды.
03 ақпан 2021 ж. 639 0