Шалқияның шалқитын кезі жақын
Жер асты қазба байлығына бай Шалқия кентінің шаруасы қайта ширай бастады. Жыл сайын әкімдер есебінде тұрғындардың талабы – жұмыссыздықты жою болса, ол да кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Әлі де атқарар шаруа шаш етектен. Кеншілер қалашығының тұрғындары эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, Шалқия емханасына жиналды. Аудан әкімінің онлайн есебін тыңдап, ұсыныстарына жауап күтті.
Сөз төркінін аудан әкімі Руслан Рүстемов мұндағы 5 ұсыныстың шешілу жолдарынан бастады. Оның біріншісі, Шалқия кентінен кеншілер аллеясын ашу, бұл бойынша қазір М.Шоқай көшесінің бойынан саябақ құру мақсатында, кенттің бос жерінен көлемі 100х100м, жалпы көлемі 10000 шаршы метр болатын жер учаскесіне мемлекеттік Акт алу үшін аудандық жер қатынастары бөліміне түсіп, комиссияда қаралуда. Қазірден бастап «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ өздерінің саябағы үшін ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын бастады. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында толық пайдалануға беріледі.
Құттықожа елді мекенінің электр желілерінің техникалық жағдайы ескіргендіктен, жаңалауды сұраған ұсыныстың ауқымы зор. КРЭК мекемесінің Жаңақорған бөлімшесінің 2021 жылғы жоспарына сәйкес, Құттықожа елді мекенінде 4,8 шақырым электр желісі жаңартылып, бір трансформатор жөнделетін болады. Осыны нақтылаған аудан әкімі Руслан Рүстемов:
– Құттықожа-Шалқия елді мекенінің ескі су тоғанын қайта жасау үшін Құттықожа ауылының іргесіндегі жалпы көлемі 20 000 шаршы метр болатын (500х400м) аумаққа мемлекеттік Акт алып, кент әкімдігінің теңгеріміне алу керек. Бұл жұмыстардың барлығын кенттің әкімі атқарып, биылғы жылдың бюджетінен құжаттандыруға қаржы сұраңыз, – деп кент әкімі Әбдімәулен Сабырхановқа бірнеше ұсынысты заң аясында шешуді тапсырды.
Халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі – Шалқия-Құттықожа елді мекенінің арасындағы ауылішілік тас жолды (2,7 шақырым) асфальттау. Бұған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл ел – бесігі» бағдарламалары асында қаншама жұмыстарға қаржы қаралды. Алдағы жылдары осы бағдарламалар аясында аудандағы кент, ауылдық округтерден жоба ұсынылып отыр. Соның ішінде 2,7 шақырымдық жол да бар. Демек, 2021 жылға қаржы қаралып жатса, жол жаңаратын болады деген жоспарды аудан басшысы кеншілерге жеткізді.
Мемлекеттік бағдарламаның игілігін шалқиялылықтар сезінді. Оның бір ғана мысалы, бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 393,9 млн теңге бөлініп, клубтың құрылысы жүргізілуде. Наурыз айында аяқтау күтіліп отыр. Көтерілген ұсыныстардан бөлек өткен жылы ауданның бюджетін нақтылау барысында Абылайхан көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар алып орнатуға 1,2 млн теңге бөлінді. 2021 жылғы аудандық бюджеттен Шалқия кентіне тренажер алаңын орнатуға 5 млн теңге, Сәтбаев көшесін абаттандыруға 6,4 млн теңге, балалар ойын алаңқайын жөндеуге 3,2 млн теңге бөлінді.
Шалқия кенті мен Құттықожа елді мекендерінің ауыл ішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салуға жоба сметалық құжат дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 21,1 млн теңге, аудандық маңыздағы «Тау самалы лагері» авмомобиль жолын, дәлірек айтсақ, Құттықожа елді мекеніне баратын жол орташа жөндеуге жоба сметалық құжат дайындауға 4,3 млн теңге қаралған.
Шалқия кентінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тасқын Шәкетов:
– Кенттегі лас су жинаушы КМС құрылғысы істен шыққан. Оны тазалау, қалыпқа келтіру ісі жүргілуін «Шалқия ЦИНК ЛТД» АҚ-на беру қажет деп санаймын, – деді қария.
Оның сауалына аудан басшысы жуырда жергілікті қоғамдастық өткізіп, жан-жақты зерделеп алу қажеттігін жеткізді. Кент тұрғыны Махан Қошқаров Құттықожа-Шалқия арасындағы жолға жөндеу жұмысы басталатынына ризашылығын білдірді.