№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШАЛХИЯНЫҢ ШАРУАСЫ ҚАЛАЙ?

ШАЛХИЯНЫҢ ШАРУАСЫ ҚАЛАЙ?


Жылдағы есеп беруде Шалхия кенті тұрғындарының негізгі көтеретін мәселесі жұмыссыздық жайы болатын. Биыл да сол сұрақ тағы да қойылды. Алайда, бұл түйін рет-ретімен шешіліп келеді. Оған дәлел, бүгінде «Шалкияцинк LTD» АҚ-да жалпы 681 қызметкер жұмыс істесе, оның ішінде 239 жұмысшысы Шалқия және Құттықожа елді мекенінің тұрғындары. Мұны кент әкімі Молдахмет Ауановтың есеп беруінен естідік.

Демек, Шалқия кенішінің тірлігі түзеліп келеді. Жұмыс қарқыны қуатты. Енді бұйыртса, «Шалқия Цинк» компаниясы толық іске қосылса, ауданмен қоса ауылдың да әлеуметтік әлеуеті артатыны сөзсіз. Әрі, кент орталығындағы облыстық туберкулезге қарсы күресу санаториясы мен Құттықожадағы «Тау самалы» балалар лагерінің үздіксіз қызметі жұмыссыздықты азайтқаны жасырын емес. Жалпы, қос елді мекен қамтылған кентте халық саны 3088-ге жетіпті.
Мектеп актзалынына жиналған көпшілік кент басшысының есебіне мұқият құлақ салды. Биылғы жылы «Шалкияцинк LTD» АҚ-мен бірлесіп «Жол картасы» жасалыныпты, онда кентті көркейту, абаттандыру мәселелері бар. Одан бөлек ілкімді істер жетерлік. Есебінің соңында ауыл әкімі Шалқия кенті «Жібек жолы» көшесі бойындағы №1,2,4 көп қабатты тұрын үйді «Шалкияцинк LTD» АҚ-ы арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді проблемалық мәселе ретінде көтерді. Кент орталығындағы тұрғындарды тұрақты ауыз сумен, лас су жүйесі мен КНС ғимаратының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді де назарда ұстауға ұсын айтты. «Шалкия –Құттықожа» аралығындағы қиыршақ тас төселген жолды асфальттау да бар. Міне, әкімнің осындай ұсыныстарын ауыл азаматтары да қуаттады.
– Жағдайымыз түзеліп, еңсеміз тіктеліп келеді. Оған да шүкір. Жол мәселесі мен жұмыссыздық кезең-кезеңімен шешімін табуда. Біз ауылшаруашылық саласынан гөрі зауытқа көбірек ден қоятынымыз рас. Сондықтан, басшылық осыны қаперде ұстаса дейміз, – деді ел ағасы Дүйсенбек Тілеубеков. Алайда, сұрақтың легі мұнымен аяқталмады. Анар Сүгірбаева есімді кент тұрғыны қос азаматының да жұмыссыз екенін алға тартып, зауыт басшылығына жұмыс беруін өтіне келіпті.
24 қаңтар 2018 ж. 1 667 0