№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ШАЛҚИЯНЫҢ» ШАЛҚИТЫН ШАҒЫ ЖАҚЫН

«ШАЛҚИЯНЫҢ» ШАЛҚИТЫН ШАҒЫ ЖАҚЫН


Сыр өңіріндегі үлкен өндірістік-инновациялық жобасының бірі – қорғасын, мырыш өндіретін Шалқия кенішін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы және Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржылай қолдауының арқасында кен байыту фабрикасы салынып, алыс-жақын шет елдерге өнімі экспортталмақ. Жалпы, өндіріс орны іске қосылғанда облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына, жұмыссыздық деңгейі қысқаруына ықпал етеді. Сондықтан, Шалқия кенішін жаңарту һәм жаңғырту жұмыстары облыс әкімінің назарынан түскен емес.
Жоспарға сəйкес, 2018 жылы кен байыту комбинатының құрылысы басталады. Бүгінде жері тегістеліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мұндай кешенді жұмыстар шахтада да қарқын алған. Оны жер астында жұмыс жасайтын ауыр техникаларды жөндейтін орталықта көрдік. Бірнеше техниканың ақауларын жөндеп, шахтаны кеңейту жұмысына бағытталуда екен. Жерді бұрғылайтын 115 горизонтқа (бұл пункт жер бетінен 4000 метр тереңдікте орналасқан) барғанда тау-кен жұмыстарына куә болдық. Яғни, жер асты қыртысы бұрғыланады, сосын оқталып атылып (зверчаткамен жарып), шикізатты (тастарды) тиісті пунктерге жеткізіледі. Яғни, кенішті модернизациялау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, акционерлік қоғамның басшылығы ақылды технологияны кенішке енгізуге күш салуда. Әсіресе, шахтадағы жұмыстарға бағыттамақ. Бұл өнімділікті арттырады, әрі полиметалдың сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.
– «AMC Consultants (UK) Ltd.» компаниясы «Шалқия» кен орнындағы өнеркәсіптік қоры – 4,8 млн. тонна мырыш, 1,3 млн. тонна қорғасын екенін дәлелдеді. Жалпы, әлемдік нарықта мырыш пен қорғасынға сұраныс жоғары әрі бағасы да тұрақты. Мәселен, Лондон қор биржасында (LME ) қорғасын 2638, мырыш 3617 теңгені құрайды, – дейді «Шалқия-цинк» АҚ басқарма төрағасы Талғат Сұлтанбеков.
Оның сөзінше, «Индустриялық-инновациялық бағдарлама» аясында салынатын қорғасын-мырыш кенішінің перспективасы зор. Қуаттылығы жылына 4 млн. тонналық кен-байыту комбинаты «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кенішін дамытудың жол картасына» енген бірегей жоба. Қазір кеніште еңбек етіп жатқан 681 жұмысшының 70 пайызы Жаңақорған ауданының тұрғындары. Яғни, Құттықожа, Шалқия, Жаңақорған кентінің азаматтары.
– Бүгінде кенішке қажетті суды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сәуір-мамыр айларында кен байыту фабрикасының құрылысы мен кенішті қайта құру жұмыстары басталады... – деді басқарма төрағасының кеңесшісі Нажмадин Мұсабаев.
Бір сөзбен айтқанда, «Шалқияның» кенішінің шалқитын шағы жақындай түсті. Бұл дегеніміз, Шалқия кентінің екінші тынысын аша түседі деген сөз.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
27 наурыз 2018 ж. 1 677 0