№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талаптың тынысы

Талаптың тынысы


Кезекті есепті кездесу Талап ауылдық округінде жалғасты. 2019 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде ауыл әкімі Ербол Тақырбасов баяндады.
2005 жылдан бастап, Бесарық ауылдық округінен еншісін алған Талап ауылының бүгінде тіршілігі тындырымды. Халықтың негізгі кәсіп көзі – мал шаруашылығы мен темір жол саласы. Өкінішке орай, аяқсу жоқтығына байланысты егіс егілмейді. Ұлт Көшбасшының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық талаптары ауыл тынысына тікелей қатысты. Себебі, төрт түлігін түлетіп, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – қайнаған еңбектің шынайы көрінісі.
Әкім баяндамасынан белгілі болғандай, ауылдық округте 4 шаруа қожалық жұмыс жасап тұр. «Битөре» және «Әбдішәріп» шаруақожалықтары мал басын көбейтумен айналысса, «Жан» шаруақожалығы малдан бөлек, жылыжай саласымен айналысады. Жыл сайын 15 соттық жылыжайына қияр егіп, жылына 8-9 тоннаға дейін өнім алуда екен. Өткен жылдың басында «Зейнеп апа» шаруақожалық қосылып мал басынан бөлек шошқа өсірумен айналысып жатқанын білдік.
Ауылда кәсіпке ынтасы бар азаматтарға мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетілуде. Мұндай қолдауды талаптық тұрғындарда сезінуде. Бүгінгі таңда Бесарық бекетінде 39 кәсіпкер тіркелген. Оның үшеуі мал шаруашылығы болса, қалғаны кәсіпкерлік субьектілері. Өткен жылы жаңадан 8 жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, биыл 3 кәсіпкерлік тіркелді, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 1 азамат уақ мал басын көбейту үшін 252 мың теңге және ешкі сүт өнімін өндіру үшін 200 000 теңге грант иегері атанып, жұмысын ілгерілетуде. 4 азаматша 505 000 теңге грант иемденіп, өз кәсібін дөңгелетуде.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары тарапынан пошта ғимаратының тозығы жеткендігі мәселе етіп көтерілді. Алайда ә-дегеннен дер кезінде шешім қабылдаған ауыл әкімі әкімдік тарапынан бір бөлме беретін болып шешілді. Сондай-ақ ауылдық клуб үйіне шығармашылықпен айналысатын штат берілсе деген ұсыныс көтерілді. Айтылған барлық талап-тілектерді аудан басшысы өз бақылауына алатынын айтты.
29 қаңтар 2020 ж. 720 0