№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаратөбеліктер әкімге құрметпен қарайды

Қаратөбеліктер әкімге құрметпен қарайды


Қаратөбеліктер аудан әкімінің есеп беруіне құлақ түріп, көкейдегі сауалын жолдады.

Аудан әкімінің ел аралаған сапарында Қаратөбе ауылдық округінен 6 ұсыныс көтерілген-ді. №229 мектебінің жылу қазандығын жаңадан салу жөніндегі ұсыныс бойынша мектептің жылу қазандығын қайта жаңғырту үшін 42,9 млн. теңгеның жобасы аудандық білім бөлімі арқылы 2021 жылы іске асатын бағдарламалардың тізіміне енді.
Тозығы жеткен амбулатория ғимаратының орнына, жаңа ғима­рат салып беру жөніндегі ұсыныс бойынша 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қаратөбе елді мекенінен жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жоспарға енгізілді. Алайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтап тұр. Бірақ облыстық денсаулық басқармасының жоспарына енген.
Ал, апаттық жағдайдағы Мұса­ханов каналының үстіндегі көпір­ді жаңадан салып беру жөніндегі ұсыныс бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасалып, 600 млн. қаржы республикаға өтініш берілді. Бірақ сұраныс белгілі себептен қолдау таппады. Бұл туралы:
– «ҚазСушар» РМК Қызылорда филиалының басшысымен сөйлесіп отырмын. Көктем айларында бетіндегі темір бетон жабындыларын ауыстырып, тұрғындардың пайдалануына қолайлы етіп жөндеп беретін болады, – деді аудан әкімі.
Ауылдың белсендісі Болат Нақипов игі бастамаларды қуаттап, аудан басшысына алғысын жеткізді.
Ел тізгінін қолға ұстаған басшылар барлық елді-мекеннің интернет байланысын жақсартуды күн тәртібіндегі негізгі мәселе ететінін сөз етті. Қаратөбеліктер Сумағар каналын тазалау және кеңейту жұмыстарынына шағымданған еді. Осыны негізге алып, кемшіліктерді анықтап, оны түзету үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысына ұсынылды. Сала басшысы қадағалап, істің сапалы жүруіне ықпал етті.
Айта өтейік, оқушылар ең көп жүретін, ауылдың Тоқмағанбетов көшесіне асфальт төселіп, жарық жүргізілсе деген ұсынысқа байланысты ауыл әкімінің тікелей кінәсінен орындалған жоқ. Ол үшін ауыл әкімінің тәртіптік жауапкершілігі де қаралды. Сондай-ақ, Тоқмағанбетов, Болдықова, Сейфуллин, Мұқанов, Жеңіс көшелеріне күн сәулесінен қуат алатын лампалар қоюға, Мұратбаев көшесіне тас төсеуге және тренажерлық алаңын орналастыруға аудандық бюджеттен 10,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жиын барысында аудан әкімі Руслан Рүстемов Тоқмағанбетов көшесін асфальттау үшін 2021 жылғы бекітілетін аудандық бюджетке жаңа бастама ретінде Қаратөбе ауылдық округінен бюджеттік өтінім тапсырылмағанын қадап айтты. Қаратөбеліктер «әкім біреу, халық оған тіреу» дегендей, ауыл өркениетін қалыптастыру үшін жұмыла іске кірісуі қажет-ақ. Бірлік бар жерде тірлік бары ақиқат.
01 ақпан 2021 ж. 465 0