№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қандөздің 7 ұсынысы

Қандөздің 7 ұсынысы


Онлайн есеп беру барысында Қандөзде өзекті мәселелер айтарлықтай шешімі тапқаны белгілі болды.

Бұл ауылдан 7 ұсыныс көтерілгені белгілі. Оның ішінде, Н.Төреқұлов көшесін орташа жөндеуден өткізу туралы айтылды. Бұл мәселе бойынша, асфальт, жаяу жүргінші кезектілікке қойылып, ауылдық округтердегі көшелерді жөндеуден өткізу үшін республикалық бағдарламаларға ұсынып, қаржы тарту мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.
– Өткен жылы кент және 21 ауылдық округтердегі көшелерді күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғыларына қаржы қаралды. Соның ішінде Қандөз ауылындағы Төреқұлов көшесін жарықтандыруға 1,3 млн. теңге қаржы қаралды, – деді аудан басшысы Руслан Рүстемов.
Айта кетейік, алдағы уақытта көшені жарықтандыру жүргізілетін болады. Оған қоса, Наурыз көшесінің бойына жаңадан темір қоршау жасату үшін 3,7 млн.теңге, Наурыз және Үркінбаев көшелері мен Қалғансыр елді мекеніндегі көшелерге тас төсеп тегістеуге аудандық бюджеттен 5,8 млн. теңге бөлінді. Жиыннан ұққанымыз, ауылдың көшелері биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп, жарықтандырылмақ.
Елді мекендегі тозығы жеткен электр желілері мен бағандарын (10 дана) ауыстыру жөніндегі ұсыныс бойынша, республикалық деңгейде біршама құжаттандыру ісі жүргізілуде. Бұған қатысты аудандық электр торабының басшысының орынбасары Нұржан Ахметов жауап беріп, ауылдағы электр желілерінің ескіргендігін, оны қайта жөндеу жұмысы қажеттілігін айтты.
Қалғансыр елді мекеніне тас төсеуге байланысты талап қанағаттаныру үшін қаржы бөлініп, іс осы жылдың соңына дейін аяқталмақ. Қандөз, Қашқанкөл елді мекенін көркейтіп-көгалдандыру үшін аяқ су мәселесін (СНП насосын) шешіп беру жөніндегі ұсынысқа сәйкес өткен жылдың соңында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы насос сатып алынып берілді. Мұнда да ауыз су мәселесі «Талап-Сырдария» топтық су құбырының іске асуы арқылы түбегейлі шешілуде. Бұл туралы ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Кеңес Оразбеков түсіндірді.
Айта кетерлігі, елді мекендегі мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жаңадан салынған спорт кешенінің ашылуын сұраған өтінішке орай ауданда алдағы уақытта 6 спорт кешеннің қаржылары берілетін болады. Соның ішінде Қандөз ауылындағы спорт кешені бар.
Жиында егін егу үшін жер мәселесі шешілгені айтылды. Ауылдағы ашылған агроаймақ жерінен егін егуге жер алуға толық мүмкіндік бар. Қандөздік ағайындар көктем мезгілін асыға күтіп егінмен айналысуға ниетті екенін жеткізді.
Қысқасы, Қандөзде тіршілікке дем беретін ауыз су, интернет, электр және жол секілді қажеттіліктерге қол жеткізіп, қайнаған тіршілікті қалыптастырмақ. Бүгінгі басқосудың да басты мақсаты осы.
Қауымдастық мүшесі Өмірбек Жайықбаев аудан басшысына алғысын жеткізді.
01 ақпан 2021 ж. 580 0