№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белесі биік Бесарық

Белесі биік Бесарық


2005 жылдан бастап, Бесарық ауылдық округінен еншісін алған Талап ауылының бүгінде тіршілігі тындырымды. Халықтың негізгі кәсіп көзі – мал шаруашылығы мен темір жол саласы. Өкінішке қарай, аяқсу жоқтығына байланысты егіс егілмейді. Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық талаптары ауыл тынысына тікелей қатысты. Себебі, төрт түлігін түлетіп, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – қайнаған еңбектің шынайы көрінісі.


Шағын бекеттің бүгінгі ахуалын білмекке Талап ауылдық округінің әкімі Ербол Тақырбасовпен тілдестік. Тақырып ауанын кәсіпкерліктен бастадық. Себебі, шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауыл-аймақта кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.
– Президент Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Бұл бағытта кәсіпке ынтасы бар азаматтарға мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетілуде. Мұндай қолдауды талаптық тұрғындар да сезінуде. Бүгінгі таңда Бесарық бекетінде 39 кәсіпкер тіркелген. Оның үшеуі мал шаруашылығы болса, қалғаны кәсіпкерлік субьектілері. Өткен жылы жаңадан 8 жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, биыл 3 кәсіпкерлік тіркелді, – деді ауыл әкімі Ербол Тақырбасов.
Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен кам­ту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­ту» бағдарламасы бойынша «Ауыл­шаруа­шылығын қолдау қоры» арқылы 2018 жылы «Е.Әуелбеков» дара кәсіпкерлігі 2 млн. теңге несие алып, 5 түйе сатып алған. Ал «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталық арқылы 3 кәсіпкер яғни жеке кәсіпкер Б.Мырзабеков мал бордақылау үшін 3 млн. теңге алса, жеке кәсіпкер Қ.Бектоғаев мал бордақылау үшін 2 800 000 теңгеге алып, 11 бас ірі қара мал сатып алып, кәсібін дөңгелетуде екен. Ал «Береке» жеке кәсіпкерінің төрағасы Өсербайұлы Оразбай ағаш өңдеу цехын ұлғайту бойынша 2 млн несие алып, кәсібін бастаған. Несие алған кәсіпкерлер 10 адамды жұмыспен қамтып отырғаны белгілі болды.
– Биыл Тұрлыбеков Қазыбек «Сыба­ға» бағдармасы бойынша уақ мал санын көбейту үшін 3 млн теңге көлемінде несие алды. Қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысуда. Ал дара кәсіпкер «Тұран» төрағасы Тұрлыбеков Болат «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 10 млн теңге көлемінде несие алды. Қазіргі таңда 1000 бас уақ мал алып, көбейту жұмыстарымен айналысуда. «Ақ-ниет» дара кәсіпкерлігінің төрайымы Бегімбетова Құрбанкүл уақ мал көбейту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 10 млн теңге көлемінде несие алып жұмыс жасауда, – деді Ербол Тақырбасов.
Оған қоса, Жастар жылы аясында ауылдың ең жас кәсіпкері ДК «Береке» Алимахамадұлы Бекжан уақ мал басын көбейту үшін жұмыспен қамту орталығының 250 мың теңге грантын жеңіп алған. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген конкурсқа өзінің бизнес жобасын ұсынып, қосымша 250 мың теңге грант ұтып алып, өз кәсібін жақсартуда. Ауыл тұрғыны Жанар Төленбаева Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта даярлаудың 25 күндік курсынан өтіп, 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант иегері атанған. Бұл қаражатқа 2 тігін машинасын алып кәсібін дөңгелету үстінде екен.
Ауыл әкімімен тілдесу барысында биылғы жылдың басты жаңалығы – «УАД» серіктестігі өз демеушілігімен ауыл орталығындағы ұзындығы 900 метр болатын «Қазақстан» көшесін асфальттап берген. Сонымен қатар 2020 жылғы теміржол беткейінің күн шығыс бетіне «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінен кіре-беріс 3 шақырым жолды асфальттау жұмысы басталатыны белгілі болды. Оған қоса, ауыл ішіндегі «Бесарық», «Теміржол» көшелерін асфальттау жұмыстарына тиісті қаржы көздерін қарастыру үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатқанын тілге тиек етті әкім. Бұл келер жылдың еншісіндегі жұмыстар.
Салықтық түсім де кісі қуанарлық. 2019 жыл бойынша мүлік салығынан 14936 теңге жоспарланып, 15762 теңге көлемінде қаржы төленіп 105,5% орындалған. Жер салығы бойынша 91817 теңге қаржы төленеді деп жоспарланып, 96467 теңге қаржы төленіп 105,1% орындалыпты. Ауыл әкімі көлік салығы бойынша 498550 теңге көлемінде жоспар қойылып, қазіргі таңда көлік салығын толық орындауға жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Түйіндей айтқанда, жыл сайынғы Жолдау жүгі – тұрғындарды ерінбей еңбек етіп, бәсекеге қабілетті кәсіп бастауға үндеу. Осы сенім үдесінен шығып, мемлекет межесін бағындыруда тақырыпқа арқау еткен Талап ауылдық округі де ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жатқаны айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ
19 қараша 2019 ж. 889 0