» » Елбасының «Алғыс хаты» табысталды

Елбасының «Алғыс хаты» табысталды

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан азаматтар мен партия мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған шарада партияның аудандағы үйлестіруші өкілі Мәжит Балқожаев:
– Биылғы сайлау үміткерлер мен штаб мүшелері аудандағы барлық елді мекендерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, негізгі басымдықтарды бас партияның бесжылдық бағдарламасына енгізуге мән берді. Оның ішінде, ауыз сумен қамту, ескірген электр желілерін жаңарту, ауылішілік жолдарды жөндеу, интернет жылдамдығын арттыру және т.б қамтылды. Сайланған депутаттар мен бақылаушылар осы бағдарламаның орындалуын қадағалайды, – деді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлы.
Салтанатты шарада Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталғандар қатарында мәслихат депутаттары, праймериз бойынша іріктелген кандидаттар, сайлау штабының мүшелері, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым жетекшілері бар. Айта кететіні, мұндай құрмет аудан бойынша 82 адамға көрсетілді.
Ал биылғы сайлаудың қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жаңарды. Олардың құрамында білім беру, мәдениет, су шаруашылығы, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ саласының өкілдері бар.

Әсел РЗАЕВА
30 қаңтар 2021 ж. 359 0