Төменарық ауылының тұрғындарымен кездесті
«Nur Otan» партиясы алдағы бес жыл уақыт аралығында елді мекен және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге баса назар аударатын болады. Ол үшін жалпы ұзындығы 111 шақырым облыстық және, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және көпірлерді күрделі жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ, партия«Cамара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» автомобиль жолындағы жалпы саны 13 көпірді жөндеуге ықпал етпек.
Экономикалық даму мен халықың өмір сүру сапасын арттыру үшін Жаңақорған ауданында қолға алынатын жұмыстар туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанкелді ОйшыұлыТөменарық ауылының тұрғындарымен кездесу барысында бөлісті.
Келелі кездесуде «Қызылорда азтонналық мұнай өндеу зауыты» ЖШС директоры Жанкелді Ысқақ, Қызылорда облыстық көпбейінді медицина орталығының директоры Нұриддин Әмитов, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, Жаңақорған аудандық мәслихат депутаты Азия Қыстаубаева мен «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже де болды.
Үгіт тобы партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, үгіт жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, партияның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айтып өтті. Одан әрі тұрғындар өздерін алаңдатқан проблемаларды талқылап, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Тұрғындардың басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын жақсату, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Үміткердің айтуынша,алдағы бес жылда Төменарық ауылында ауылдық аурухананың құрылысыжәнеҚаратөбе, Әбдіғаппар, Қожакент, Талап, Келінтөбе елді мекендеріндедәрігерлік амбулатория құрылысы салынады. Сонымен қатар, партия медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында кешенді шараларды қолға алып, компьютерлік томограф аппараттарын сатып алуға ықпал етеді.Әріжыл сайын партия 650 жасты жұмыспен қамтуға жәрдемдеспек.
Партия «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 500 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру және көтерме жәрдемақы беру жұмыстарын жалғастырады. Сондай-ақ, аудандағы шаруа қожалықтар және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы 2500 жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайтын болады, – деді үміткер Жанкелді Ойшыұлы.
Ел игілігі үшін жасалатын жұмыстарға елді мекен тұрғындары жоғары бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, өз тарапынан әрқашан «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді