№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партияның бесжылдық бағыт-бағдары айтылды

Партияның бесжылдық бағыт-бағдары айтылды



"Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабымен Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Жаңақорған ауданына арнайы сапарымен келді. Топ құрамында "Қызылорда азтонналық мұнай өндеу зауыты" ЖШС директоры Жанкелді Ысқақ, Қызылорда облыстық көпбейінді медицина орталығының директоры Нұриддин Әмитов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова бар.
Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, Жаңақорған аудандық мәслихат депутаты Азия Қыстаубаева партияластырымен кездесті.

Қонақтар алдымен Төменарық ауылдық округіндегі клуб үйінде тұрғындармен еркін форматта кездесті.
Сөз тізгінін ұстаған Мәжит Балқожаұлы алғы сөзді Геннадий Геннадиевичке ұсынды.
– "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасы аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Яғни, баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, орнықты экономика, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сияқты уақыт талабынан туындаған міндеттер қамтылған, – деді Мәжіліс депутаты.
Келесі кезекте сөз алған Азия Қыстаубаева әлеуметтік, білім беру, медицина саласында атқарылып жатқан игілікті істерде сөз ете келе, үш балаға дейін туған аналарға да жәрдемақы беруді қарастырудың маңызын сөз етті.
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Жанкелді Ойшыұлының сөзінше, бас партияның басты міндеті – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Әсіресе, отбасының тұрғын үй мәселелерін шешу, отбасы институтын нығайту, балаларға сапалы білім беру және т.б бағытта жүйелі жұмыстар атқарылады.
Кездесу монолог түрінде емес диалог мазмұнында өрбіп, ауыл тұрғындары ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Ел ағасы Темірбек Құтжанов ауылға газ әкелудің маңызын сөз етсе, Өмірәлі Шәдімханұлы елді мекенде көп жылдардан бері аурухананы салу мәселесі шешілмей келе жатқанын көтерді.
Келген қонақтар партияның сайлауалды бағдарламасына сай Төменарықтағы әлеуметтік қажеттілік кезең-кезеңімен шешілетін айтып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

***

Келесі кезекте аудандық емханаға бардық. Онда емхана қызметкерлерімен дидарласты. Кездесу барысында облыстық мәслихаттың депутаты Нұриддин Егенбердіұлы бағдарламаның "Саламатты ұлт" бағыты бойынша сөз етіп:
– Бағдарламада көрсетілгендей медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина
қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсетін болады... – деді.
Ал Геннадий Шиповскихтің сөзінше, бағдарламада көрсетілгендей, 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы
2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.
Мұндай жаңалықты естіген дәрігерлер қуанып қалғаны анық.
Университет ректоры Бейбіткүл Серсемханқызы білім беру саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Кездесу соныңда депутаттыққа кандидаттар 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырты.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жаңақорған аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

22 желтоқсан 2020 ж. 589 0