Құқық қорғау саласы жылды қорытындылады
Карантинге байланысты қылмыс түрлері азайғанымен, есірткі бизнесі, жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылық пен мал ұрлығы көп орын алды. Екіншіден, арыз-шағымдар жиіледі, әсіресе жұмысқа орналасу, мемлекеттен бөлінетін гранттар, жер телімдерін алуға байланысты түсінбеушіліктер көбейді. Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен «Құқық қорғау органдарының 2020 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстарының есебі» тақырыбында кеңейтілген мәжілісте аудан прокуроры осы мәселені басты назарға алды.
Жиынға аудан әкімі Руслан Рүстемов төрағалық етті. Алдымен прокурор Дарын Елтайұлы баяндама жасады. Біз баяндамадан не түйдік? Осыны сөйлетсек, ең бірінші жоғарыда айтқандай арыз-шағым көп. Бұл жөнінен біздің аудан өңірде көш бастап тұр. 2019 жылы қылмыс 554 болса, биыл 300-ге қысқарған.
– Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 41 өтініш жер мәселесіне байланысты. Одан бөлек, медицина мен білім саласында да кемшіліктер бар. Арыз-шағымдардың басым көбі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметіне байланысты орын алды. Әсіресе зағип жандардың өтініші өзекті деуге болады. Сол секілді, Аманкелді көшесінің бойындағы жолақты сызықтарға байланысты тұрғындар арасында көп түсініспеушілік орын алуда. Осыны ертерек қолға алған жөн болар, – деді Дарын Әбіш.
Аудан прокуроры баяндамасында өңірдегі қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету, Covid-19 індетінің таралуын болдырмау және алдын алу, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, жер беру, денсаулық сақтау, азаматтарды әлеуметтік қорғау және білім беру саласы бойынша жергілікті атқару және құқық қорғау органдарында орын алған кемшіліктерге тоқталып, нақты ұсынысын жеткізді.
Келесі кезекте аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаева сотта қаралған қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер жөнінде тоқталып, жаңадан қабылданған заңнамалар, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
– Биыл белең алған қылмыстың бірі есірткі бизнесі бойынша істі болып, темір торға қамалғандар саны артты. Былтыр сыбайлас жемқорлық бойынша 4 іс орын алса, биыл 1 іс тіркелді. Барлық істер мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен орын алды. Сыр өңірі бойынша көлікті масаң күйде басқару бойынша да көштің басына шықтық. Жаңа заң өзгерістеріне байланысты ішіп ұсталғандар 15 тәулікке қамалып, көлік басқару құралынан 7 жылға дейін шеттетіледі. Солай бола тұра, әкімшілік іс тоқтайтын емес. Алимент өндіру бойынша да азаматтық істер азаймай тұр, – деді сот төрағасы.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев аудан көлемінде орын алған заң бұзушылықтар және алдағы жылы атқарылатын бастамаларға тоқталды.
Ғани Асанұлы жекелеген қылмыс түрлерінің саны артуының негізгі себептерін атады. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы алаяқтыққа жол бергендер көбейген.
Аудан басшысы алдағы кезеңде «құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу» қағидасын ұстанып, жүйелі жұмыс жүргізуді тиісті орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырды.
– Қазақ ұлты ұят, обал, сауап деген ұғымдардың қадір-қасиетін терең түсінген. Дала демократиясына негізделген құндылықтарды қайта жаңғыртып, рухани жаңару керек. Қазір ақыл айтатын аға буын, бата беретін ақсақалдарымыз азайып барады. Барды бағалай білейік, қылмыстың көбейіп, ауызбіршіліктің ыдырауы осыдан, сондықтан телі мен тентекті тезге салатын кез келді. Қоғам жылдам даму үдерісінде, біз бәсекеге ілесу жолында болуымыз шарт. Ол үшін елдегі алауыздықты азайтып, қайта бірлікті байытып, әсіресе мемлекеттік қызметкерлер өз жұмысына ұқыпты қарауы міндет. Алдағы уақытта осындай олқылыққа жол бермеуіміз керек, нақты жүкті көтере біліңіздер, – деп сөзін түйіндеді Руслан Рүстемұлы.
Жиын соңында сала басшылары мен қызметкерлер марапат биігінен көрінді. Атап айтқанда, аудан әкімінің «Алғыс хаты» аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция инспекторы Сұлтанахмет Абуов пен криминалды полиция бөлімшесінің бастығы Еркебұлан Битабаровқа, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Мұхтар Белсенбаев, №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметері Мүташ Ернарға табысталды.
Аудан прокуроры Дарын Әбішке, полиция бастығы Ғани Тұрсекеевке, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаровқа аудан басшысы алғыс білдіріп, қызметте табыс тіледі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ