» Есірткі қылмысы азаймай отыр

Есірткі қылмысы азаймай отыр


Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы өтті. Карантин талаптарына байланысты биыл бірінші рет ұйымдастырылған кеңесте сала басшылары 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылдың 8 айында атқарылған шараларды баяндады.

Комиссия отырысында "Есірткі қылмыстарының алдын алу, оған қарсы ұйымдастырылып жатқан шаралар туралы" Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев баяндама жасады.
- "2019 жылдың 12 айында 306 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде қылмыс - 274, теріс қылық - 32. Жалпы қылмыстың тіркелуі - 7,6 пайызға төмендеген. 2019 жылдың 12 айында есірткі затын анықтаудың 14 дерегі тіркелген. Оның ішінде, 5-і есірткі алқабын егіп, баптау дерегі болса, 2-і есірткі затын ірі мөлшерде сақтау, 6-ы есірткі затын тұтыну, сақтау, 1-і есірткі затын заңсыз сату.
Жыл басынан бері есірткі қылмыстары бойынша 7 азамат құрықталып, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Көкнар-2019" жедел профилактикалық іс шара барысында аудан көлемінен 336 килограмм 600 грамм кептірілген марихуана тәркіленіп, жойылды" деді ауданымыздағы қоғамдық тәртіпке жауапты тұлға.
Толығымен айтар болсақ, 2020 жылдың қыркүйек айының 3 күні сағат 13:00 шамасында аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының күн батыс бетіндегі құмның арасына белгісіз біреулер екі есірткі алқабын еккені туралы хабарлап, жедел тергеу тобын сұратқандығы жайлы хабарлама тіркелген. Аталған хабарлама бойынша Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан күн батысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан “Қара ой” деп аталатын құмды далада 20 соттық болатын, арнайы дайындалған егістік алқаптан ерекше исі бар жасыл түсті 5 032 түп шөп анықталған. Аталған қылмыс бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, оқиға орнының қарау жүргізу хаттамасы толтырылып фото суретке түсірілді. Аталған қылмыс бойынша күдікті Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақтамберді жырау көшесі тұрғыны М. есімді азамат, Қызылорда қаласы, А.Қайнарбаев көшесі тұрғыны Р. есімді азамат және Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғыны Д. есімді азамат оқиға басынан ұсталып, ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 1,3-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалатынын ескеріп, қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиға бойынша ұсталған күдіктілер аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ҚР ҚПК-нің ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 1,3-тармағымен қамауға алынды.

Жаңақорған ауданы әкімдігі.
---
29 қыркүйек 2020 ж. 631 0