Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысының коньки спорты федерациясының президенті тағайындалды

Қызылорда облысының коньки спорты федерациясының президенті тағайындалды

Коньки спорты федерациясының (мәнерлеп сырғанау, шорт-трек) кезектен тыс отырысы өтті.

Жиынға федерация мүшелері, жаттықтырушылар және ата-аналар қатысты.
Жиналыста федерация президенті Байтақ Тұрсынбаев соңғы үш жылдың жұмыстарын қорытындылады.
Соңғы үш жылда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірім спортшылар республикалық, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, 49 медальді иеленді.
Сондай-ақ, 2019 жылы Сайтама қ. (Жапония) мəнерлеп сырғанаудан өткен Əлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені еншілеп, төрт айналым элемент секірген əйелдер арасында мəнерлеп сырғанаушы ретінде тұңғыш тарихқа енді.
Соңғы екі жылда шорт-тректен
Сыр спортшылары 24 медаль иеленді. Қазақстан чемпиондары, спорт шеберіне үміткерлер: Олжас Кулкеев, Диляра Туралиева, Айару Қайратқызы, Жансая Есен, Ұлту Құрманбай және күміс жүлдегерлер Ілияс Әбдіманап, Али Дайрабай, Мағжан Бақытжанұлы еліміздің намысын қорғады.
Жиын барысында коньки спорты федерациясының жаңа президенті лауазымына Мағжан Ералиев тағайындалды. Қазіргі таңда Мағжан Абзалұлы «Мағжан и К» ЖШС және «Абзал и К» ТС бас директоры қызметін атқарады. Ол өз кезегінде Сыр спортының дамуына, оның ішінде мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек спортының жандануына үлес қосатындығын жеткізді.
01 қаңтар 2021 ж. 617 0