№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРМА, АҚ ОЛИМПИАДА!

АРМА, АҚ ОЛИМПИАДА!


Төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада ойындары 23 рет Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында жалау­ы желбіреді. XXIII қысқы ойындарда 92 елден келген 3 мыңға жуық өрендер спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені сарапқа салатын болады. Қазақстан құрамасынан айтулы аламанға 46 спортшы спорттың тоғыз түрінен медальға таласатын болады.
Сонымен, кеше көптен күткен Олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатында Қазақстанның көк Туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шықты.
Жалпы, Олимпиадада қандай спорт түрінен өнер көрсетеміз? Биатлоннан – 10, мәнерлеп сырғанаудан – 3, шорт-трек және конькимен сырғанаудан 12-ден 24 жолдама бар. Шаңғы жарысы – 7, фристайл-могул – 4, фристайл-акробатика – 5, тау шаңғы спорты – 2, трамплиннен секіру мен шаңғы спортынан бір-бірден жолдама қоржында. Енді тек нәтиже керек. Алғаш рет қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыздар жолдама алды. Ел намысын қорғайтын спортшылардың көбі Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Ал, Сыр өңірінен Элизабет Тұрсынбаева байрақты бәсекеде бағын сынайды. Ол мәнерлеп сырғанаудан 21 ақпан күні қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетсе, 23 ақпанда еркін бағдарламада жарыс алаңына шығады.
Мәскеудің мәнерлеп сырғанау мектебінде бабын тапқан Элизабет 2014-2017 жылдары ел біріншілігінде топ жарды. Талантты қыз 2016 жылы Лиллехамер қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем және 2017 жылы Саппорода өткен Азия чемпионатында қолаға қол созды. Былтыр Хельсинкиде өткен әлем біріншілігінде 9-орынға ие болып, Пхенчханға екі жолдаманы жеңіп алған болатын. Бұл спорт түрінен бізде бұрын-соңды болмаған жетістік. Қысқы Олимпиадада қазақ қызы жүлде тұғырынан көрінсе тарихи жеңіс болмақ. Сондықтан, жерлесімізге әрдайым қолдау көрсетейік ағайын!
Енді Олимпиаданың ашылу салтанатына қайта келейік, Пхенчханға ең көп спортшы алып келген ел – АҚШ. Олар спорттың барлық түрі бойынша 242 спортшыны жарысқа қосады. Канада – екінші орында. Үйеңкі жапырақты елден аламанға 226 спортшы келіпті. Ал, қысқы ойындарға алғаш рет қатысқалы жатқан алты мемлекеттің қатарында Эквадор, Эритрея, Косово, Малайзия, Нигерия және Сингапур бар.
Осы орайда тарихқа бір шолу жасасақ. Біздің елдің спортшылары егемендік алған жылдан бастап-ақ Олимпиадада жеті жүлдені еншіледі. 1994 жылы Лиллехамерде алғаш әнұранымыз әлем алдында шырқалған болатын. Қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов әртүрлі қашықтықтарда бір алтын, екі күміс медаль жеңіп, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы ретінде тарихқа енді. Содан бері 5 рет қысқы Олимпиадаға қатысып, тәжірибе жинақтаған ұлттық құрама биылғы жылы барын салатынына күмәніміз жоқ.
Ал, медаль саны бойынша жалпы қысқы ойындарда көш басында Норвегия келеді. Скандинавиялық мемлекеттің Олимпиадада алған медальдар саны – 329. Оның – 118-і алтын, 111 күміс, 100-і қола медаль.
Мұндай жеңісті жолды біздің спортшыларда жалғастыратынына сенеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
10 ақпан 2018 ж. 1 762 0