Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТҰРСЫНБАЕВА "ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА" КҮМІСПЕН ҚУАНТТЫ

ТҰРСЫНБАЕВА "ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА" КҮМІСПЕН ҚУАНТТЫ

Иә, мәнерлеп сырғанаудан Анахаймда (АҚШ) өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды. Ол қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинай алды.
Алтын және қола медальді жапониялық Рика Кихира (221,99) мен Мая Михара (207,12) иеленді. Элизабет Тұрсынбаева - «Төрт құрлық чемпионатында» (Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлығының біріншілігі) жүлде алған екінші қазақстандық. 2015 жылы осы чемпионатта Денис Тен ерлер арасында чемпион атанған.Ол жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында, 2017 жылғы қысқы Азия ойындарында қола алған. Тұрсынбаеваны 2018 жылға дейін канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырған. Ал 2018 жылдың жазында ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің командасына ауысқан. Қазір Мәскеуде жаттығады.
09 ақпан 2019 ж. 915 0