№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 2019 жыл: Спорт саласындағы серпіліс

2019 жыл: Спорт саласындағы серпіліс

– Биыл Сыр спорты толағай табыстарға қол жеткізді. Ең бірінші "Қайсар" футбол клубы 20 жыл күткен ел кубогын иемденіп, Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Келер жылы қайсарлық жігіттер қазақ елін қуантады деген сенімдеміз. Сондай-ақ, бокстан әлем біріншілігінде бір күміс, бір қоланы иемдендік. Қамшыбек Қоңқабаев пен Тұрсынбай Құлахмет қазақ елінің мерейін асырса, еркін күрестен Дәулет Ниязбеков Елорда төрінде өткен әлем чемпионатында күмісті сыйлады. Ал, мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды. Келер жылы спортшылар бұдан да биіктерді бағындыратынына сеніммен қараймыз, – деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг берген облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
22 қараша 2019 ж. 903 0