Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЭЛИЗАБЕТ АРТҚАН СЕНІМДІ АҚТАДЫ. НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЭЛИЗАБЕТ АРТҚАН СЕНІМДІ АҚТАДЫ. НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс медальді иеленіп, Наурыз мейрамында қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. 
Қысқа бағдарламада үшінші орынды иеленген Элизабет Тұрсынбаева жарыстың шешуші күні де тамаша өнер көрсетіп, 224.76 ұпайға иелік етті. Осы көрсеткішінің арқасында қазақ қызы күміс медальді иеленді. Осы спорт түрін серік еткен Қазақстанның бірде-бір аруы әлем чемпионатында бұрын-соңды жеңіс тұғырына көтерілмеген еді. Міне, сол көшті 19 жастағы  Элизабет бастады. Күллі Қазақстан халқын, Алаш жұртын осы тарихи табыспен құттықтаймыз!
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Ал әлем чемпионы атағы Ресейдің атақты спортшысы, Олимпиада және Еуропа чемпионы, 16 жастағы Алина Загитоваға бұйырды. Үшінші орында ­– екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева.

23 наурыз 2019 ж. 853 0