Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "ЖЖЖ": 4-ші баспана Шалқиялық көп балалы анаға бұйырды

"ЖЖЖ": 4-ші баспана Шалқиялық көп балалы анаға бұйырды


Бүгін "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қоры шалқиялық шаңырақты қуантты. Бүгінге дейін пәтер жалдап тұрып жатқан Шалқия кентінің тұрғыны, көп балалы ана Сүттібаева Гаухар анамызға ерікті жастар 3 бөлмелі үй алып берді. Кәмелетке толмаған 5 баланың анасы жақында ғана қызына Алматы қаласына барып, ота жасатып қайтқан болатын.
Пәтер табыстау барысында Қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев, кеңес мүшелері Қоғамбек Бейсембиев, Данияр Досантаев, Дәулет Тұрабаев, Әбдісамат Әбдіш шаттық иелеріне ақжарма лебізін білдіріп, жаңа қонысымен құттықтады. Әрі баспанаға мұқтаж жанды тауып, ерен еріктілік көрсеткен шалқиялық Мөлдір Сандыбайқызына алғыс айтты.
Айта кетейік, бұған дейін "ЖЖЖ" ерікті жастары мұқтаж жандарға асар әдісімен 3 тұрғын үй салып берген болатын.
04 желтоқсан 2020 ж. 572 0