№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік жетістіктері

Тәуелсіздік жетістіктері


Ата-бабаларымыздың ұрпаққа мұра етіп қалдырған кең байтақ даласы – қазақ жерінде іске асып, игілігімізге айналған құндылықтардың баршасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, тұғырлы мемлекеттігін бекемдеген егемендіктің жемісі.


Қазақтың алғаш республикасы осыдан нақ бір ғасыр бұрын, 1917 жылы 12 желтоқсанда құрылып, алашордалықтар Республикасының орталығы ретінде Семей қаласы бекітілген еді. Алғашқы сьезі Орынбор қаласында өтіп, оған 15 адамнан құрылған Алашорда үкіметінің құрамынан өзге 80 адам ресми делегат ретінде қатысты. Жиынға Хакім Абайдың ұлы Тұрағұл, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Әсет Найманбайұлы, Мұстафа, Мұхамеджан, тағы басқа қазақтың көшін алға бастаған көсемдері қатысып, кейіндеп қалған елдің жарқын келешегін қалыптастырудың ең басты тетіктерін ортақ ойласты. Мемлекеттік мәртебеге қол жеткізудің басты мазмұны- білім мен ілімнің басында көшбасшы ретінде Ахмет пен Мағжанға зор міндеттер жүктеліп, жұмыс жүргізілді.
Елдің оянуына ғана емес, адамзатқа ортақ жаһаннан ойып тұрып орын алуы­на үлкен жүректілік, батыл бастама, азаматтық жауапкершілікпен кіріскен ұлт қайраткерлерінің басын бәйгеге тіккен ақкөз адалдығы, қайсар қайраткерлігі жөнінде зерттеп-зерделеуге бүкіл өмірін сарп етіп келе жатқан қаламгер Тұрсын Жұртбайұлының еңбектерін оқыған адам алашордашылар, олардың жүргізген саяса­тының мәні мен мазмұны, асқақ арман, ертеңге аманаты жөнінде жан-жақты біліп, ақпарат ала алады. Туған ұлтыңа құрмет оның жүріп өткен жолын терең біліп, терең ұғынып, түп-тамырына тәу етуден басталады.
Жүрегі халқым деп соғатын қаһарман рух, намысқойлық, қанда бар наркескен мінезбен жасындай жалт еткен желтоқсан оқиғасы озбыр саясаттың бетпердесін бір күнде сыпырып, көзге көрінбейтін тоталитарлық режимнің әділетсіздігін бүкіл әлемге паш етті.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шире­гінде орын алған бұл толқудың шынайы талабы, жалаңқол жастардың жарқын үні күлкітоқ өмірден биік тұратын ой-сана, рухани құндылықтың кепиетін табанға тап­таған тоңмойындықты тас-талқан ете алуы­мен тарихта өз бағасын алды.
Ұлт намысын қорғауға қасықтай қанын да құрбан етуге тәуекел ете білген сол қызғалдақ ғұмырдың өтеуі – өз тәуелсіздігін алған азат елдің айрықша табыстарын таразылап көрелік.

Бірінші. Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік еге­мендік туралы Деклорацияны» 1990 жылы 25 қазанда жариялады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Азаттықтың арайлап атқан таңымен бірге арқаға аяздай батқан тұрмыстық ауыртпалықтар елдің еңсесін түсіргенімен таудай тауқыметті халық болып жеңе алатынымыз айқын еді. Елде 133-ке жуық кәсіпорын жабылып, кеңестік шаруашылықтардың жұмысы тоқырады. 2 млн-ға жуық адам жұмыссыз қалды. Ел бюджеті қазіргі бір ауданның қазынасы деңгейінде құлдырады. Бұдн шығатын екі жол бар еді. Біріншісі - экономикалық нарыққа бейімделу. Екіншісі – Қазақстанның даму стратегиясын қалыптастыру.Осы жолда нар­тәуекелге үміт артқан туған ұлтын көрегендік саясатпен ілгері бастаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев республиканың барлық аймағын дерлік аралап, езілген жұрттың еңсесін көтеріп, еңбек адамдарын ерік пен жігерге шыңдап, нарықтық экономиканың заңды­лықтарын насихаттаудан жалықпады. Мемле­кеттің қарауындағы нысандарды жеке меншікке беру арқылы тоқтап, тұралап тұрған өнеркәсіп, өндіріс орындарының тынысына жан бітірді.

Екінші. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесі бекемделді. Өткен ғасырдың 80-жылдары ел астанасы – Алматыда бір ғана қазақ мектебі болса, бүгін еліміз бойынша 7500 оқу ошағының 2 мыңдайы аралас мектеп, 4 мың қазақ мектебі бар.
Ұлтты біріктіретін басты фактор – тіл.Төрткүл дүниеде қандастарымыздың басын біріктіретін ортақ жазу үлгісі – латын алфавитін қолдануды қазақ зиялылары қолға алды. Ана тілімен бірге халықтың ұмыт бола бастаған, ұлтты ұлт ретінде айшықтайтын басты байлығы – салт-дәстүрлері қайта жаңарып, елдік сана еңсесін түзеді. Наурыз тойы, ақ бата өз арнасына қауышып, бірлік пен ынтымақтың, алғы күнге ақ пейілмен аттаған асқақ сенімнің символына айналды.
Айтыс та – тәуелсіздіктің бір перзенті. Қандай да бір ұлттың қанында бар өнер тарихта бір зорлық болса бұғады, күн туғанда қайта тіріледі. Азаттық таңымен бірге арнасын тапқан айтыс өнері де сағынып қалған қауымымен қайта қауышты. Рас, алғашқы сәтінде қолына домбырасын алып сахнаға шыққандар тізесіне қойып алған қағазына қайта-қайта қарағыштап, құлашын кеңге жаза алмай, тұсаулы тұлпардай кібіртіктеген. Келе-келе кемеріне толып, кемелдену нәтижесінде арынды ақындарымыз көпке танымал атанып, алғаш Қонысбай Әбілов, Әселхан Қалыбекова, Әсел Беркеновалар «Қазақстанның Халық ақыны» атағын иеленді.

Үшінші. Ұлт әлеуетінің қайнар көзі – халқының көптігінде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында республиканы мекендеп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің көпшілігі өз мем­лекеттеріне қоныс аударды.
1992 жылы Алматыда І Дүниежұзілік Құрылтай өтіп, оған шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Өзге елде күн кешкен қандастарымызды этникалық тарихи отанына оралту мәселелері талқыланды. Туған жерге табан тигізуді армандап өткен ата-баба аманатына адалдық танытқан ұрпақтары атамекенге қайта көш түзеп, қасиетті мекеннің бір кірпіші боп қаланып, қуатты мемлекеттің қалыптасуына зор еңбектерімен үлес қосып келеді. Бүгінде 1 млн–нан аса қандастарымыз елге оралды.
Қазақ ұлтының киесін бойына сіңіргені сонша, оны қиып кете алмастай кіндігі байланған тұлға, өткір тілді публицист, үш тілде жазатын қаламгер Герольд Бельгердің былай деп айтқаны бар: «Мен Германияға кететін болсам сексен қазақты ала кетем. Өйткені айналамда қазақтар болса ғана өзімді адам сезінем. Ерен еркіндікте ғұмыр кешетін Германияда өмір мүлде басқа, ешкім ешкімді керек етпейді. Қазақтар сынды бір-бірінің арқасынан қақпайды. Мұнда екінің бірі «Оу, Гераға» дейді. Біреуге керек екеніңді сезінудің өзі қандай бақыт!»
Төртінші. Тарихын түгендеп, ұлы­ларын ұлықтамаған ұлттың келешегі бұлыңғыр. Бұл орайда бүкіл асылымызды ғасырлар тереңінен аршып алып, ұрпақ санасында жаңғырту нәтижесінде Сығанақ, Сауран, Созақ, Тараз, Отырар, Түркістаннның шежірелі тарихы түзіліп, ұлт рухын асқақтата түсті.

Бесінші. Тәуелсіз ел өзінің ұлттық валютасы – теңгені қолданысқа енгізді. Сол кезеңде әбден құнсызданған Ресей рублі айналымнан шығарылып, ұлт дана­гөйлері тұлғаланған банкноттардың жабырқаған елдің рухын бір көтеріп тастағаны рас. Қазақстандықтар 1994 жылдың шымылдығын ұлттық қазы­намыздың кілті – төл теңгесімен ашты.

Алтыншы. Шекара болмаса – мемлекет болмайды. Мемлекетаралық территориялар сызығын ешбір кикілжің, дау-дамайсыз шешіп алуымыз да асқан дипломатиялық көрегендікпен сыртқы саясаттың нәзік иірімдерінен жол таба білген әлемдік аренада беделі зор көшбасшымыздың батыл қадамдарының нәтижесі. Көпвекторлы саясатты ұстанған еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы сессиясында тұңғыш рет Еуропа және Азия елдерінің ынтымақтастық ұйымына төраға болып бекітілді. Жер бетінде ядролық қарусыздануды жақтайтын бейбітсүйгіш позициясымен беделі биік. Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-да Қарусыздану туралы Манифесіне бірінші болып қол қойды.

Жетінші. Мемлекетті алға апарудың кілті – индустриялық жаңғыруда. Дүние жүзін қамтыған дағдарыстан шығудың тетігін тапқан мемлекетіміз транзиттік-логистикалық жолдар құрылысын қолға алды. «Нұрлы жол» - осындай халықаралық жобаның бір тармағы. Қазақстандықтардың қолымен салынған магистральды жолдар елдің батысы мен шығысын жалғап, ертедегі «Ұлы Жібек» керуені экономиканың күре тамырына айналды. «Бір белдеу, бір жол» жобасы іске асты. Халықаралық сауда тасымалының 88 пайыз көлемі біздің мемлекеттің үстімен өтеді. Бұдан Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында көпірге айналғанын көруге болады.
Дамудың даңғыл жолын тапқан еліміз бұдан әрі де осы бағытта алға жылжуда Елбасы сызып берген бағдардан адаспай, стратегиялық басымдықтарды сақтай беруіміз керек. Адал еңбекпен барша игілікке қол жеткізуге болады. Ол үшін ең бастысы тұрақтылық керек.

Баян ҮСЕЙІНОВА
16 желтоқсан 2020 ж. 1 272 0