№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның астанасы болған қалалар

Қазақстанның астанасы болған қалалар


 Бұл жазбамызда Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы сөз қозғайтын боламыз. Сонымен, Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1917-1920 жылдары Семей қаласы (ол кезде Алаш-қала) болды. 1920 жылдан кейін Қырғыз АССР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді. 1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына ауысып, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді.

1929 жылы астана тағы да өзгеріп, бұл жолы таңдау Алма-Ата қаласына түсті. 1936 жылы Қазақ АССР-ы РКФСР құрамынан бөлініп, Қазақ ССР-ы болып қайта құрылды. Осылайша Алма-Ата қаласы 1929-1936 жылдары Қазақ АССР-ының, 1936-1991 жылдары Қазақ ССР-ының, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда қала аты Алматы деп көрсетіліп, оның ел астанасы екендігі айтылған. Алма-Атаның Алматы болып өзгеруі осы құжаттан бастау алады. 1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті.
Massaget.kz
25 мамыр 2018 ж. 2 709 1

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 23:10
Avana Pills Generique Cialis 20mg Prix Cialis Originale Miglior Prezzo viagra online Cialis Online Originale Kmonlinepharmacy