» » » Әлем таныған тұлға

Әлем таныған тұлға


Осы ұлы күнді мереке ретінде тойлау қалың қазақтың көңілінен шыққаны анық. Бұдан хакім Абайға деген құрметіміз еселенбесе еш кемімек емес. Бұл шара арқылы ақынды жете танып қана қоймай, қазақ бойындағы барша мінез-құлықтың таразыға салынып, жақсысына сүйініп, жаманына күйініп, келер өмірімізге мол тағылым аламыз. Сондықтан оның артында қалған өшпес мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу біздердің басты парызымыз.
Дана Абайдың асқақ тұлғасы мен болмысын биік шыңға шығарып насихаттауды міндетіне алған ел басшылығы арнайы қаулы қабылдап, тиісті орындарға нақты тапсырма жүктеді.
Бұл күн біртұтас қазақ баласын, даласын ынтымақ-бірлікке шақыратын, адамгершілік пен мейірімділікке үндейтін қасиетті күн!

Мейрамгүл АЙЫМБЕТОВА
аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
11 тамыз 2020 ж. 733 0